4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
Тілдік міндеттер
Мысалы негізінде -лық/-лік қосымшаларының мағынасын түсіндіру
Балалар, бүгінгі сабақты Қуанышпен бірге өткіземіз. Бүгін аңыз- әңгіме, өлең, ертегілердің бір-бірінен айырмашылығын танып, аңыздарға кезек береміз. Сабағымызға кіріспес бұрын алдымен Қуаныштың бізге қояр сұрағы бар екен. Соған жауап берейікші.
Қуаныш: Балалар, сендер қандай жұлдыздарды білесіңдер?
Осы жұлдыздардың бірі туралы аңыз, ертегі, әңгіме не өлең естігендерің бар ма?
Кім айтады?
2 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Негізгі бөлім
Мұғалім келесі кезекте оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен, әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай- ақ, мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
3 мин
Жеке
Оқулық
Оқулықта ұсынылған «Анықтайық»айдарымен берілген тапсырма бойынша оқушылар алда оқитын аңыздың мазмұнын суретке қарап болжайды. Мұғалім балаларға қолдау көрсетіп, сұрақтар қою арқылы бағыттап отырады. Мысалы:
Аңыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Суретте қашып бара жатқандар бар ма? Қуып келе жатқандар бар ма? т.б. сұрақтар төңірегінде жетелейді.