Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет324/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма. Тапсырма тақтада кесте арқылы көрсетіледі және кезекпен оқушылар Айсана, Бақыт, Қуаныштар туралы осыған дейін білген-түйген мәліметтерін сәйкестендіре, кестеге стикер жапсыру арқылы көрсетеді. Оқушылар тапсырманы орындауға берілген уақыт біткен кезде өз жауаптарын көршілерімен салыстырады. Тапсырманың дұрыс жауабын білу үшін сынып болып және мұғалімнің қатысуымен тексереді. Бұл тапсырма шеңберінде осы бөлім бойынша балалардың алған білімдері қорытылады. Сол себепті осы тұста қалыптастырушы бағалауды қолданған өте орынды болады. Оқушыларға өздерін бағалау үшін ғарыш кемесі, ұшақ және мәшине суреттерінің бірін таңдап, есімдерін жазып берулері сұралады. Тапсырманы еш қиындықсыз
орындаған болса ғарыш кемесін, орташа болса ұшақты, ал өте нашар болса мәшинені таңдайды.

3 мин

Жеке, топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар алдыңғы кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, үлгідегі пікір білдіру бойынша Айсана мен Бақыт, Қуаныштар туралы өз ойларымен бөлісіп, айтылым дағдыларын шыңдайды. Бұл тапсырманы күрделендіре түсу үшін сыныптағы әр оқушының қалауы не екенін де болжап айтады. Ал сол болжаудың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін
сыныптастарын тыңдаған бала нақтылайды.

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі «Жазайық» айдарында оқушылар ұсынылған парақшалардағы сұрақтарға жауапты дәптерге жазып, сөйлем құрау, ойын жеткізу, сауатты, көркем жазу дағдыларын ұштайды. Алайда оқушылар жазылымға кіріспес бұрын сұрақтарды жұпта талқылап алу жұмысын ұйымдастырған жөн болады. Оқушылар бір-бірімен кеңесіп, жазылымға дайындалады. Мұндай дайындықтан кейін
оқушыларға нақты уақыт белгіленіп беріледі. Мәселен 5 минут арнауға болады.

8 мин

Жеке, жұптық ж.

Дәптер




Келесі кезекте «Ойлан» айдары берілген. Бұл кезеңде оқушылар өз жазба жұмысын көршісімен алмастырады да, оның жұмысын тексереді. Тексеру барысында: «Сұраққа жауап берілген бе?,
«Әріптік қателер жоқ па?» – деген критерийлер бойынша бірін-бірі тексереді. Кейін әркім өз жұмысын қайтарып алады.

3 мин

жеке

Дәптер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет