Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет331/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Болашақтың мектебі. (4-тоқсан, 8-тарау). 122-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын




анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

Лексикалық минимум

Заман, озық, бірнеше, шетел, жақындап

Алдыңғы білім

Сиқырлы қорап

Пәнаралық байланыс

Дүинетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе




  • Балалар, бүгінгі сабағымызға сиқыршы келіп отыр. Сиқыршы сиқырлы таяғымен сиқырлап бізге тосын тапсырмалар мен жаңа сөздер де ала келген. Сиқыршы да біздің білімді, зерек болып өскенімізді қалайды екен.

  • Сендер де көп білсеңдер, өскенде сиқыршы да бола аласыңдар.

  • Сиқыршы болғыларың келе ме?

  • Иә.

  • Ендеше, сиқыршыға назар аударайық. Қандай сиқыр әзірлеген екен.

2 мин

Мұғалім-сынып




Тақтада Сиқыршы суреті, қолында сиқырлы таяғын сермеп тұрады. Ол таяқ ұшында суреттер жапсырылған. Тақтаға жасырын алдын ала мұғалім іліп, дайындап қояды.
Суретте: Қорап ішіне енген кейіпкерлер суреті. Олардың сөздері бұлт ішінде көрсетілген болуы керек. Қорап маңдайшасында «2070 жыл» деген жазу болады. Бұл тапсырманы «Сөйлесейік» айдарымен,
«Балалар қайда тап болды?» деген сұрақ қою арқылы сиқыршы ұсынады. Оқушылар қорап ішіндегі кейіпкерлер сөздерін оқи отырып, олардың болашаққа сиқырлы қорапты ашу арқылы енгендерін түсініп, болжайды.
Оқулықтың келесі тапсырмасын орындауда оқушылар жаңа сөздерді және болжалдық сан есімді қолданып бір-бірімен сөйлеседі. Мұғалім бұл тапсырманы орындатпас бұрын қораптан не көргендерін оқушылармен бірге сөз етіп, алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды. Мұғалімнің арнайы нұсқауымен немесе көрсеткен үлгісін басшылыққа ала отырып оқушылар оқулықта берілген кейіпкерлердің рөлін сомдап, бір-бірімен сөйлеседі. Бұл тұста оқушылардың бірін-бірі бағалауы оңтайлы болады. (Критерийлерге жаңа сөздерді қолдана білу, рөлге еніп сөйлеу, өз болжамын түсіндіре
алу қабілеттерін таныту сынды шарттарды көрсетуге болады).

3 мин

Топтық жұмыс

«Болжау» страте- гиясы, Айтылым тақта.
Сурет

Негізгі бөлім

Келесі сиқыршы ұсынған тапсырма – «Жаңа сөз үйренейік!» айдары. Мұнда жаңа сөздер, оның түсіндірмесі және мысалдар берілген. Бұнда оқушылар «Сен жалғастыр» ойыны арқылы бір оқушы жаңа сөзді айтса, келесі оқушы мағынасын, келесі оқушы оған мысалын айтып, жаңа сөздермен танысып жаттығады. Үйренген жаңа сөздерді пысықтау үшін мұғалім таяқшалар қолданады. Бұл – музыка сабағына арналған түрлі түсті таяқшалар. Бұл таяқшалар орнына санауға арналған таяқшаларды да қолдануға болады. Әр сөзге нақты түстен таяқ арнап оқушылардың есіне сақтауларын тапсырады, кейін оларды біртіндеп көрсетіп, сөздерін атауларын өтінеді. Бастапқыда сөздер ретімен жатталады, одан әрі таяқшалар ретсіз көрсетіліп, сөздерін қателеспей айтуларын тексереді.

5 мин

Жеке

«Сен
жалғас- тыр» ойыны. Оқулық

Сиқыршы келесі «Жаттығайық!» айдарының тапсырмасын орындауды ұсынады. Мұнда оқушылар сөйлемнің мағынасын өзгертпей, мүмкіндігіне орай мәндес сөздерді ғана алмастырып, сөйлемді қайта жазады. Тапсырманы тереңдету мақсатымен мұғалім тағы да сиқыршының көмегіне жүгініп, «Өзің өзге сөйлем құра» тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырмада оқушылардың жаңа сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрай білу, ойлау қабілеттерін шыңдау көзделеді. Оқушылар өз-өздерін «Бағдаршам» арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет