-әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы керек. Пән бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын жаттығулар берілген.
Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:
-оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;
-тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;
-оқушыларға тиімді кері байланыс орнату ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды. Мұғалім бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.
Тілдік дағдыларды дамытуға арналған стратегиялар
«ҮШ ҚАДАМДЫ СҰХБАТ» Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды. (Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады)
«ӘДЕБИ ШЕҢБЕР»
Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (Кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы бойынша)
Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.
Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды (тыңдалған материал бойынша топтық жұмыста қолдану өте тиімді, әр оқушыда жауапкершілік пайда болады).
«КУБИЗМ» (І түрі)
Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы».
Жаттығуды орындау барысы: оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топ оқушыларына әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айтады.
Талқылауға берілетін шығарма нысандары:
Сюжет Кейіпкер Оқиға Мекен
Тақырып
Әдеби көркемдегіш құралдар
(Тиімділігі: «Кубизм» белсенді оқыту түрін әдеби көркем шығарманы талдауға, өткен сабақты қорытындылауға өте тиімді).