Бота: Б-ны Ө- ге қосып,
«Бө», – дейді.
Лақ: М-ны Е-ге қосып,
«Ме», – дейді.
Қозы: М- ны Ә- ге қосып,
«Мә» – дейді.
Ал мен: М-ны А-ға қосып,
«Ма», – деймін,
«Ма-ма», – деймін,
«Мама!» – деймін.
Ж. Смақов
Қандай төлдер аталды?
Бота не дейді?
Лақ не дейді?
Қозы не дейді?
2. Негізгі кезең
Үй жануарлары қайда тұрады?
Жылжымалы суреттермен ойын: «Аулада». Жаңасөздерментаныстыру.
Балалар, мынау – аула.
Мынау не?
Мынау – аула.
Мынау – ... (аула сөзін айтып жаттығады).
Аулада не болуы мүмкін?
Үнтаспадан жануарлардың дауыстары естіледі. Балалар дауысы бойынша жануарды атап, суретін аулаға орналастырады. Аулада сиыр бар. т.с.с.
Педагог үй құстарын (тауық, әтеш) естеріне түсіреді. Мынау не? Аулада тауық (әтеш) бар.
Құстардың суреттерін аулаға орналастырады
Мынау – қаз. Қаз – үй құсы.
Мынау – ... (қаз).
Қаз қандай құс?
Қаз – үй құсы.
Аулада қаз бар.
Аулада не бар?
Аулада қаз бар.
Мынау – үйрек. Үй-рек.
Мынау не?
Мынау – үйрек.
Үйрек – үй құсы.
Үйрек қандай құс?
Үйрек – үй құсы.
Аулада үйрек бар.
Аулада не бар?
Аулада үйрек бар.
Мынау – күркетауық. Күр- ке- тау- ық.
Мынау не?
Мынау – күркетауық.
Күркетауық – үй құсы.
Күркетауық қандай құс?
Күркетауық – үй құсы.
Аулада күркетауық бар.
Аулада не бар?
Аулада күркетауық бар. Педагог шағын мәтінді оқиды.
Мынау – аула. Аулада үй жануарлары бар. Олар сиыр, қой, жалқы, ит, мысық. Аулада үй құстары да бар: әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық. Адам үй жануарларға және құстарға шөп, жем береді.
Балалар мәтінді қайталайды.
Ойын: «Жалғастыр». Педагог бастайды, балалар аяқтайды.
Үй жануарлары не жейді?
Үй жануарлары ... жейді.
Мысық нені жақсы көреді?
Мысық ... жақсы көреді.
Мысыққа сүтті кім береді?
Адамдар мысыққа ... береді.
Адамдар құстарға жем береді.
Адамдар құстарға не береді?
Адамдар құстарға ... береді. (Жем сөзін айтып жаттығады).