Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет129/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу. (Айнамен орындалады). Ү-ү-ү- бүршік – бүүүршік – бүршік.
Ө-ө-ө- көктем – көөөктем – көктем.
Тақпақ оқу, таныс сөздерді тапқызу.

Құс келді


Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
Балалар таныс сөздерді қайталайды: қар, күн, бүршік, ағаш. Тақпақты жаттайды.

Сергіту сәті


Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта». Берілген сөздерге жалғастырып, сөйлем құрау. Көктем ...
Күн ...
Қар ... Ағаштар ... Көктемде ...
Көктем айлары ...

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Сурет бойынша шағын мәтін құра. Көктемде қандай өзгерістер болады? 2.Суреттерге қара. Не артық? Қорша.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сабақта не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 53


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көктемгі еңбек.
Мақсаты: балалардың сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тілдерін жетілдіру. Білімділік міндеті: көктемгі еңбек түрлерін қазақша айта алу. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлем құруда сөздерді ретімен қолдануға жаттықтыру, «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру, артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үлкендер еңбегін құрметтеуге, еңбек етуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерін қайталайды, сөйлемдерді құрастырады.
Түсінеді: маусымдық жұмыстарды түсінеді.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді,меңгерген сөздермен сөйлем құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет