Жасайды: жаңа сөздерін айтады, жаңылтпашты қайталайды, зат есімдерді жекеше және көпше турде айтады, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: оқушыға оқу құралының қажеттігін түсінеді.
Қолданады: үйренген сөздерін сөйлем құрауға қолдана алады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қоржын, ойыншықтар доп, қуыршақ, мәшине, робот, ит, піл, кітап, дәптер, қалам, сызғыш, жұмыс дәптері,
фишкалар.
Билингвалды компонент: кітап – книга, дәптер – тетрадь, қалам – ручка, сызғыш – линейка, қарындаш – карандаш, оқу құралдары – учебные принадлежности.
ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастырукезеңі
Қайырлы таң, балалар!
«Мектепке енді барамыз» әнін тыңдау.
Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз.
Қандай таныс сөздер бар?
Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды: мектеп, оқушы.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Ойын: «Кім көп біледі». Суреттер бойынша өткен «Біз мектепке барамыз» тақырыпты қайталау. Балалар әрбір айтқан сөз үшін фишка алады. Ойын соңында фишка көп жинаған бала жеңімпаз аталады.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қоржын».
Балалар кезекпен ойыншықтарды алып, атайды: Мынау – доп. Доп – ойыншық. (Қуыршақ, мәшине, робот, ит, піл).
Педагог қоржынан оқу құралдарын алып, жаңа сөздермен таныстырады.
Мынау – кітап, кііі-тап. Мынау не?
Мынау – кітап.
Кітап – оқу құралы.
Кітап не?
Кітап – оқу құралы.
Оқушыға кітап керек.
Оқушыға кітап керек пе?
Оқушыға кітап керек.
Оқушы кітап оқиды.
Оқушы не оқиды?
Оқушы кітап оқиды.
Мынау – қалам, қа-лам.
Мынау не?
Мынау – қалам.
Қалам – оқу құралы.
Қалам – не?
Қалам – оқу құралы.
Оқушыға қалам керек.
Оқушыға қалам керек пе?
Оқушыға қалам керек.
Мынау – сызғыш, сыз-ғыш. Мынау не?
Мынау – сызғыш.
Сызғыш – оқу құралы.
Сызғыш не?
Сызғыш – оқу құралы.
Оқушыға сызғыш керек.
Оқушыға сызғыш керек пе?
Оқушыға сызғыш керек.
Мынау – дәптер, дәп-тер. Мынау не?
Мынау – дәптер.
Дәптер оқу құралы.
Дәптер не?
Дәптер оқу құралы.
Оқушыға дәптер керек.
Оқушыға дәптер керек пе?
Оқушыға дәптер керек.
Оқушы дәптерде жазады.
Оқушы дәптерде не істейді?
Оқушы дәптерде жазады.
Мынау – қарындаш. Мынау не?
Мынау – қарындаш.
Қарындаш – оқу құралы.
Қарындаш не?
Қарындаш – оқу құралы.
Оқушыға қарындаш керек.
Оқушыға қарындаш керек пе?
Оқушыға қарындаш керек.
Кітап, қалам, дәптер, сызғыш, қарындаш – оқу құралдары.