Тақпақ жаттау. Педагог тақпақ жаттауды ұсынады.
Қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап, Шаңғы, шана тебеміз.
Сергіту сәті.
Аспан болсын көгілдір, Жайнай берсін бұл өмір. Ақ мамық қар жауып,
Біз аққала жасаймыз.
Жаңылтпашпен таныстыру.
Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Қыста балалар не істейді? Сөйлем құра.
Қыс мезгіліне тән заттарды қорша. Оларды ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
«Аудармасын айт» дидактикалық ойыны.
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар аударады. зима – қыс
қар – снег снеговик – аққала мұз – лед замерзает – қатады шана – сани.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
Бүгін сендерге қызықты болды ма? Не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 30
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.
Мақсаты: ертегіні сахналау, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауға, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтуды үйрету. Дамытушылық міндеті: есте сақтау қабілеттерін, балалардың байланыстырып, мәнерлеп сөйлеуін дамыту, сөздік қорларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |