Шаттықшеңбер Қайырлы таң, апай! Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын. Күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?! Өткен тақырыпты қайталау, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлерді атауды ұсынады.
«Не жоқ?» Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, зейіндерін дамыту.
Ойынның шарты: балалар көздерін жұмады, педагог бір ойыншықты жасырады. Мысалы: түлкіні жасырып сұрайды: Не жоқ? (Түлкі жоқ) т.б.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Арман: Балалар, біз бүгін сендерге «Саяхатшы» ертегісін сыйлық ретінде алып келдік. Педагог «Саяхатшы» ертегісін мәнерлеп оқиды.
Орманмен Қоян қашқанда, Сәбізі түсіп қалады.
Бара жатқан Қасқырға Түлкі тауып алады.
«Жей салар ем мұны мен Ішіме бірақ жаға ма?
Құттықтап туған күніңмен, Берейін Қасқыр ағама», – Деп Түлкі сары сәбізді Қасқырға сәндеп ұсынды. Ол суға оны ағызды,
«Қайтем, – деп, – былғап тісімді». Судан Мысық тауып ап,
Тастауға оны қимады. Түлкінің туған күнінде Сәбізді оған сыйлады.
«Қайтем – деп, – мұны», – таңданды, Мысыққа Түлкі шамданды.
Лақтырған Түлкі сәбізді Қуанып Қоян тауып алды.
Ертегі мазмұны бойынша әңгіме жүргізу:
Ертегі ұнады ма?
Ертегідегі кейіпкерлерін ата.
Қоян нені жоғалтты?
Сәбізді нелер тауып алады?
Сергіту сәті
Тепе-теңдік жолменен Арасында мен келем. Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай, Мынау – біздің мекенжай.
Педагог ертегіні сахналауға ұсынады. Көрсетілім барысында балаларға кезек-кезек кейіпкерлер сөзін айтқызып отырады.
Балалар ұнаған кейіпкерлерін таңдайды, кейіпкерлердің басқа киетін бейнелерін киеді, сахналап ойнайды. Автордың сөздерін педагог оқиды.