Суреттен ұлттық тағамдарды тап. Оларды үстел үстіне сызып көрсет. Сен не жедің? Не іштің?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалар сөйлем құрайды.
Менбауырсақжедім.Менқымызіштім.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгін ең қызық қандай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 45
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Нан қайдан келеді?
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауды үйрету және диалогке қатысып, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тақпақты тыңдап, оның ішінен таныс сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін, артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды (і дыбысы) дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиелікміндеті: нанды қадірлеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ертегі кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерің атайды, тақпақта таныс сөздерді табады, атайды, диалогке қатысады.
Түсінеді: нан дастарқанға келу үшін көп еңбек керек екенін түсінеді;
Қолданады: сөздерді байланыстырып сөйлейді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ертегі иллюстрациялары, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: егінші – хлебороб, наубайшы – пекарь, диірменші – мельник, ұн– мука, бидай – пшеница, сатушы – продавец.