Жасайды: тағам атауларын қайталап, есте сақтайды.
Түсінеді: нені жеп, нені ішетінімізді түсінеді.
Қолданады: сөздерді сөз тіркестерімен айтады, сұраққа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, ойыншық ыдыстар, тағамдар, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: ет – мясо, жұмыртқа – яйцо, ірімшік – сыр, қант – сахар, шырын
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам! Қайырлы таң, балалар!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?! Бүгін аптаның қай күні?
Өткен «Ыдыс-аяқ дүкені» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Ыдыс атауларын қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |