Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет21/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
9-жаттығу. 1. Төмендегі қара сөздердің мағынасын анықтаңыз. Ол 
мағыналардың пайда болу себебін, жолын көрсетіңіз. 
1. Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын және ақыл 
сұрайын деп ат, шапан алып барады. 2. Сонда Бөкен «саған батамды берейін, 
сен жас болғанымен елге бас болғандай бала екенсің» - деп, бата береді.
3. Мінезің қара жерден ауыр болсын дегенің – беріден ойлама, әріден ойа, 
салмақты бол, жеңіл болма дегенің. 4. Сырым бір жолдасымен жолаушылап 
келе жатып бір үйге түссе, үйде сүйегі сұлу, түсі сүйкімді жас келіншек отыр 
екен. 5. Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:
Астымдағы қара атым – тұлпарым, 
Қасымдағы қара әйелім – сұңқарым, -
деп желе жөнелген екен. 6. Тек бәйбішелері ғана «рас, рас, қарияның сөзі рас» 
деп бас изейді. 7. Байдалының бұл сөзін естіген ағайындары қатты ашуланады. 
8. Қара жамылып, жоқтау айтуға Айғаным құлағын тіге қалыпты. 9. Ат қағып 
шөлдеп келген шешенге өз қолымен сусын береді. 10. Өзіңіз білесіз, ата-
бабамыз молда ұстап көрген жоқ еді, оның сырын қайдан білейін. 
/«Шешендік сөздер»/. 
2. Сөз мағынасының кеңею заңы мен таралу заңын түсіндіріңіз? 
3. «Дүниеге ана құрсағынан басымен келіп, аяғымен кетеді» деген сөйлемдегі 
«аяғымен кетеді» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз. 
10-жаттығу. Төмеенде берілген сөз варианттарымен сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Қазір – кәзір, таяу – тақау, дөңгелек – доңғалақ, үйткені - өйткені, айғай – 
айқай, ғылым – ілім, өкімет – үкімет, есеп-қисап, пысылдау – пышылдау. 
11-жаттығу. Қарамен берілген сөздердің варианттарын тауып, түрлену 
жолына тоқталыңыздар. 
Өзің жәбір көрсең де кісіге қиянат жасама. Білімді адам әрқашан да биіктің 
тұғырында. Қазіргі жағдай Асанды ғана емес, жиналған топты қатты ойға 
батырды. Әр баланың нәсібі өзінде. Тиышымды алып, мазамды кетірдің-ау! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет