Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
Мұхтар Әуезов
2-жаттығу. Атауыштық мағынадағы сөздерге мысал келтіріңіздер.
Заттың атауы: ...
Құбылыс атауы: ...
Сан атауы: ...
Түр, түс, сын атауы: ...
Қимыл атауы: ...
Мезгіл атауы: ...
Мекен атауы: ...
3-жаттығу. Берілген дыбыстардан туыстық қатынасты білдіретін сөздер
жасаңыздар.
А, б, ә, ғ, д, к, е, қ, н, і, п, ы, л, т, ш, и, ж, м, р, ө.
4- жаттығу. Төменде берілген сөздерді түрлі мағынада қолданып,
сөйлем құраңыздар.
Төбе, етек, жол, қара, тірек, сүйеу, тіл.
5-жаттығу. Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп,
оның мағынасын түсіндіріңіздер.
Сал (төсек, егін, жүзік, көз, құс, үй, ақша, кітап). Қақ (есік, шаң, таңдай,
шеге, өкше). Ақта (үй, жала, адам), Түс (ағаш, көр, жылы, тамақ, қызыл).
6-жаттығу. 1. Берілген сөздердің әр түрлі мағыналарына түсініктеме
беріңіз және олармен сөйлем құраңыздар.
Жаз, ақ, жай, жас, қой, ана, басу, жирен, айнала, ай, ат, қара, жал, сыр, жар,
арық, алма, бөлме, бас, қас, көрші.
1. Қазақ ғұрпында табақ дегеніміз – бас табақ, сый табақ, аяқ табақ деп
негізінде төртке бөлінеді. 2. Жылқының ең қадірлі мүшесі жая, қазы, қарта, жал
деп саналады. 3. Қуырмаш жасауға ақ бидай, ақ бүйрек, бөлетүрке дейтін
жұмсақ бидайларды пайдаланған. 4. Бидай, тарының талқанынан жасалған
көжені қара көже дейді. Оны қазақ халқы өте тоқ және адамды тез семіртетін
жеңіл әрі құнарлы ас санаған. 5. Жүн сабау, күзем алу, киіз басу, ши тарту
сияқты үмелерде көпшілікке төп берілген. 6. Иә, дән жер ананың адамзатқа,
малға, құсқа тағы басқа жануарларға берген баға жетпес азығы, ризығы. 7. Жас
28
ұрпақ талабына сай дамыта білгені абзал. 8. Егінші алты ай жаз ауыр еңбек
өткенімен, қыс айларында аздап болсын тыныс алады, балықшы да солай.
2. «Дыбысталу мен мағынаның бірлігі - сөз» - дегенді қалай түсінесің?
3. «Уағалейкумассалам» деген сөздің қандай мағынаны білдіретінін
түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |