Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі
|
Балаларды "Ш-Ж" дыбыстарымен, "Ш ш-Ж ж" әріптерімен таныстыру. "Ш-Ж" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "Ш-Ж" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп,ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "Ш-Ж" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "Ш-Ж" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Ш", "Ж", "жаз", "жылқы", "жапырақ" сөздерін пайдалану.
Интерактивті тақта, таяқша, Ш-Ж дыбыстарының баспа түрі және жазба түрлері, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер, магнитті тақта, үлестірме материалдар.
Артикуляциялық гимнастика
«Ж» және «Ш»дыбыстарының артикуляциясын салыстыру.
Буындарда есту, табу жаттығуы: "Қайтала" жаттығуы.
Жаңылтпаш. "Бұрқырайды ақ шаң".
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» . Ж, Ш дыбыстарынан басталатын сөздер айту.
Сөздердің мағынасын түсіндіру
Дидактикалық ойын: "Буынға буын қос".
Ойын: ойлан тап! Ж дыбысынан басталатын санды тап.
Фонеманы есту қабілетін жетілдіру: «Алаша».
"Бағдаршам" ойыны (дыбыстардың сөздердегі орны).
Дыбыстық талдау: "Жебе", "Шана".
Тыныс алу жаттығуы
Жаңылтпаштар.
Тіл ұстарту жаттығулары
Сергіту сәті. "Ұшты-ұшты" ойыны.
Жазылым жаттығуы.
Есте сақтайық: Ш және Ж - қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
9.15 – 10.30
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |