Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет387/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   406
 
207-жаттығу. 
Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, әуелі бірыңғай жарыспалы 
сабақтастарды, сонан соң әр алуан жарыспалы сабақтастарды те-ріп жазыңдар. 
1)
 
 
Біз сағат таңертеңгі 11-де барсақ, ол күннің нормасы түгел орындалып, 
еңбек екінші норманың есебіне атқарылып жатыр екен. 
(С. М.) 
2) Биыл мұз 
қатарда қатты дауыл соғып, сең жүріп, балықшылар үлкен апатқа ұшыраған. 
(Ә. С.) 
3) Денені жер тартып, көз қарауытып, бұлдырай түседі. 
(Д. Т.) 
Мұрнының ұшы тершіп, басынан күн өтіп, Бақанастың ыстығына наразы боп, 
асығып келеді. 
(М. Ә.) 
5) Біз Доннан өтіп Днепрге жеткенше, одан кейін де 
жас жауынгер Васяны жиі-жиі еске алып, ұдайы аңыз етіп едік. 6) Жан-
жағымыздан мина мен снарядтар жарылып, жердің жентек-жентек тоң 
топырақтары түтінмен араласып, сапырылыса жөнелгенде жер үй жанынан 
кішкентай ғана бала көрінді. 
(Д. Т.) 
7) Қазір екі қыз бөлініп алға шыққанда, 
олардың көрінісіндегі елден ерекше бір жайды байқап, Оспан қатты күліп 
жіберді. 8) Ол сурет қалай болса-солай іліне салмай, әдейі әйнекке салынып, 
ең көрнекті және құрметті-ау деген жерге жоғары ілінген. 
(Д. Т.) 
Түсі сұрла-
нып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып отыр. 
(М. Ә.) 
10) Қайырбек пен Баршагүл кешікпей-ақ бір бүйірде кетіп бара жатқан 
Михаилдарға қолдарын бұлғап, Тасегеннің батыс жоталарына шығып, биіктен 
биікке өрлей бастады.
(Ғ. Сл.)
§ 161. Сатылы сабақтас сөйлем 


Бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемге тура бағынбай, біріне-бірі 
бағынып барып, ең соңғысы арқылы басыңқымен байланысқан көп 
бағыныңқылы сабақтастың түрін с а т ы л ы б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет