Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 163. Төл сөз бен автор сөзі



Pdf көрінісі
бет392/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   406
 
§ 163. Төл сөз бен автор сөзі 
 
Біреудің айтқан сөзін сол қалпында, ешбір өзгеріссіз екінші бір адамға 
жеткізу үшін қолданылған бір сөзді не бірнеше сөздердің тіркесін, не 
болмаса сөйлем мен сөйлемдер тіркесін т ө л с ө з дейді.
Сөйлем біреудің айтқан сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз берілген таза төл 
сөздің өзінен тұруы да, төл сөзге автордың сөзі тіркесіп айтылған түрде тұруы 
да мүмкін. 
Төл сөзді сөйлемге тіркесіп айтылған сөйлеуші не жазушы адамның өз 
сөзін а в т о р с ө з і дейді.
Автордың сөзі мен төл сөзді грамматикалық байланысқа енгізіп, құрмалас 
сөйлем құрауға себеп, дәнекер болып тұратын морфологиялық тұлға
де
 
көмекші етістігінің көсемше, есімше тұлғаларының бірі болып келеді.
Мысалы: 
Абай шешесін тысқа шығарып алып: 
«Апа, екеуіне де жақсы ғып тұрып сый беріп аттандыршы!»
- деді. 
(М.Ә.) 
Бұл сөйлемдегі қара әріптермен терілген
Апа, екеуіне де жақсы ғып тұрып 
сый беріп аттандыршы
деген Абай айтқан төл сөз де, өзгелері-жазушының 
өз сөзі, яғни автордың сөзі. 
Төл сөзді сөйлем мен автордың сөзінен құралған сөйлемдердің 
орналасуының мына сияқты негізгі төрт түрлі жолы бар: 
1. Төл сөз автордың сөзінің алдында айтылады. Мұндай жағдайда төл сөз 
тырнақшаға алынады да, төл сөзден соң сызықша және үтір, леп белгісі не 
сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: 
« Әке-шешем тірі болып, балаларының қазіргі естияр шағын көрер ме 
еді»,
 - деп толқып отырып, көзімнен жас домалап кеткенін де сезбей қалған 
едім (Н. Г.). 
2. Төл сөз автордың сөзінен кейін айтылады. Мұндай жағдайда автор 
сөзінен соң қос нүкте қойылады да, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады. 
Мысалы: 
Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет