Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет224/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Етістіктер грамматикалық категорияларына қарай қалай бөлінеді ? 
2)
 
Етістіктің шақ категориясы неге байланысты ? 
3)
 
Етістіктің неше шағы бар ? 
4)
 
Етістіктің қай уақыттағы іс-әрекетті білдіретін шағы өткен шақ 
деп аталдады ? 
5)
 
Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай неше түрлі 
болады ? 
6)
 
Жедел өткен шақ қай мезгілдегі іс, қимыл, әрекетті білдіреді ?
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
7)
 
Ежелгі өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ?
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
8)
 
Бұрынғы өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ? 
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
9)
 
Ауыспалы өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ? 
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
122-жаттығу. 
Мәтінді көшіріп, өткен шақтық етістіктің астын сызыңдар. Олардың өткен 
шақтың қай түрі екендігін, жасалу жолын айтыңдар. 
Мен өмірге келген күні айырылып, кеш танысқан анамның суретіне 
қарап отырып, өз пішінімді еске түсірдім. Өткен қыс өмірімде бірінші рет 


213 
мен өзімді үлкен айна алдында көрген едім. Бұл Надежда Петровнаның үйіне 
ең алғаш барған күніміз болатын. Біз рұқсат сұрап, есіктен кіріп бар-
ғанымызда, үлкен бөлменің қарсыдағы қабырғасынан бірі бұйра шашты ақ 
сары, екіншісі майлап қойғандай жылтыр қара бала көрінді. 
-Дауыл, бөркіңді іл, -деп, Надежда Петровна маған қарап еді, Сережа 
жабыса түсті. Сережадан аумаған бұйра шаш та жанындағы қара баланың 
бас киіміне оң қолын апара берді. Оның бөркінің де оң құлағы жұлынғалы 
тұр екен, көзінің алды көгеріп кетіпті. «Тегі бір сойқанда болып шыққан 
шығарсың» деп, күліп жіберіп едім, мені мазақтағандай қарсымдағы қара да 
жымиды.(Ә.С.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет