Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет88/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

көнеленген түбірлер
деп аталады.
Қазіргі қазақ тілі оқулықтарындағы қосымшалардың жұрнақтар деп 
аталатын тобы синтетикалық сөзжасам тәсілінің екінші бір шартты 
бөлігі болып табылады. 
Сөз тудыратын жұрнақтар сөзге (түбірге) жаңа 
лексикалық мағына үстейтіндіктен, өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа 
лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: 
ек, егін, егіндік, егінші егіншілік
сөздерінің түбірі бір болғанымен, олардың әрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды 
(мағыналарды) білдіреді. Бірақ сол басқа-басқа мағына лексикалық та, 
грамматикалық та мағыналарды қоса қамтиды. Өйткені әрбір сөз, мағыналық 
жақтан алғанда, қашан да болсын, лексикалық және грамматикалық 
мағыналардың бірлігінен құралады.
Сөз тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сөзден (түбірден) лексикалық 
мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді-өзіне тән 
грамматикалық мағынасы, формасы және қызметі болуы күмәнсіз. Мысалы: 
Шын көңілмен айтар тілегі болса, шындықпен ғана жауап беру парыз (М.Ә.). 
Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа (Абай)
деген сөйлемдердегі
шын
және 
шындықпен

жол
және 
жолығуға
сөздерінің өзара мағыналық та, 
формалық та айырмашылықтары айқын көрінеді. Мұндағы
–дық
жұрнағы арқылы жасалған шындық сөзінің де
-ық
жұрнағы арқылы 
жасалған 
жолық 
сөзінің де лексикалық мағыналары 
шын 
және 
жол 
сөздерінен, әрине, басқа. Оның бер жағында
-дық
жұрнағы жалғанғаннан 
кейін, сын есім (
шын)
зат есімге айналады да, 
-ық
жұрнағы жалғанған соң, зат 
есім (
жол
) етістікке ауысады. Бұдан жұрнақтар сөзді таза лексикалық 
жағынан ғана емес, лексика-грамматикалық тұрғыдан да өзгертетіні 


аңғарылады. Олай болса, жұрнақтар белгілі сөз табына және оның ішіндегі 
белгілі тобына (категориясына) телулі болады.
Егер
көк
және 
көкшіл

үй 
және 
үйшік
сөздерін салыстырып қарасақ, 
мұндағы 
–шіл
және 
–шік
қосымшалары даа өздері жалғанған сөздерді басқа 
сөз табына айналдырмаған, бұрынғы сын есім (
көк)
сол сын есім қалпында, зат 
есім (
үй
) бұрынғы зат есім қалпында қалған да, тек біріншісінде 
көк
деген 
сынның солғын я бәсең түрін білдіретін 
көкшіл 
формасы, 
үй 
деген заттың аса 
кішкене түрін білдіретін 
үйшік
формасы туған. Осыған байланысты , яғни, 
мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет