6– практикалық сабақ
Тақырыбы: Сын есім
Қаралатын мәселелер:
1. Сын есімнің зерттелу тарихы
2. Сын есімнің түрлері
3. Сын есімдердің морфологиялық құрылымы
4. Шырай категориясы
5. Синтаксистік қызметі
3. Қысқаша мәлімет:
Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан апуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді . Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есімдер; 2) қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есімдер, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін (ақ, қара, қызық, көк, сұр т.б.), сыры мен сапасын {жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңілт.б.), дәмі мен иісін( ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіреді.
Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы, ақ, көк, сары, жақсы, биік т.б.
Қатыстық сын есімдер морфемдік құрамы жағынан-негізгі және көмекші морфемалардан тұрады, яғни "әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады ," Мысалы, оюлы (текемет), тастақ (жер), қарлы (қыс) т.б. секілді туынды сын есімдердің мағыналары өздерінің түбірі болып тұрған-ою, тас, қар сөздерімен тығыз байланысты, өйткені оюы жоқ текемет оюлы, тасы жоқ жер тастақ, қар жаумаған қыс қарлы деп айтылмаған болар еді, ал оларға жалғанған -лы, -тақ, -лы жұрнақтары текеметте, жерде, қыста сол белгілердің бар екенін көрсетіп тұр.
Олай болса, қатыстық сын есімдердің құрамындағы негізгі морфема мен қосымша морфеманың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Қатыстық сын есімдер негізінен есімдер мен етістіктерден жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, қамысты, шилі, пайдалы, намысқор, кулдіргі, тапқыш, береген т.б. Осы қатыстық сын есімдер қамыс, ши, пайда, намыс есім сөздеріне -ты,-лі,-лы,-қор жұрнақтары жалғану арқылы, ал күлдір, тап, бер етістіктерінен - гі, -қыш, -еген жұрнақтары арқылы жасалған.
Шырайдың үш түрі бар: салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы.
Салыстырмалы шырай-рақ, -рек, -ырақ, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, үлкенірек, үлкендеу т.б. Сонымен бірге -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң секілді өнімсіз жұрнақтар да салыстырмалы шырай көрсеткіштері болып саналады. Мысалы, дымқыл, сұрғылт, қоңырқай, қысаң т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |