Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет9/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
4. Бақылау сұрақтары:

  1. Зат есім қандай сөз табы?

  2. Зат есімнің жалпы қандай грамматикалық мағына береді?

  3. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  4. Зат есімнің қандай грамматикалық категориялары бар?

  5. Зат есімнің қандай мағыналық түрлері бар?

  6. Жалқы есімнің түрлерін атаңыз.

  7. Дерексіз зат есім дегеніміз не?

  8. Деректі зат есім дегеніміз не?

  9. Адамзат есімдері дегеніміз не?

  10. Ғаламзат есімдеріне қандай атауарды жатқызамыз?



5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Зат есімнің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Танысу

… Көп ұзамай – ақ мен Әуезовпен бірінші рет оның өз үйінде кездестім.



Бәрекелді, келіп қалдыңдар ма? – деп қарсы алды Мұқаң бізді. Ет – жеңді жылы қолымен амандасқаны үйреншікті, сыр мінез адамның амандасқанымен бірдей.

Қою бұйра шашы жаңа түсе бастаған Мұқаң кең маңдайлы, дөңгелек жүзді қоңыр кісі екен. Бала сияқты күліп сөйлегенде екі беті әнтек шұқырланып, екі көзі жылылық төгеді. Үні қандай жұмсақ, сол даусына лайық жұмсақ жағымды сөздерді әдейі таңдап алып айтатын тәрізді. Жазық маңдайынан төмен қарай жарасымды түскен еркек мұрнына қалың еріндері де келісіп тұр.

Мұқаң сол жылы отыз жетіде ғана, бірақ ол маған ғасырлар бойы жасап келе жатқан, бірақ өмірі қартаймайтын адам тәрізді. … Біз «Еңлік – Кебекті», «Бәйбіше – тоқалды» оқығанымыз қашан, ал бұл кісі әлі ақсыз, дақсыз күйінде тұр … - деймін ішімнен …

Мінеки, содан бастап Мұқаңмен біз достастық, ол қашан көзін жұмғанша дастарқан – дәміміз ортақ, ойымыз, мәжілісіміз ортақ туысқа айналдық.

Алғашқы көргеннен – ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім, бұлданбайтын, қырланбайтын жарқын бейнесі менің сәби күндегі тәрбиешілерім сияқты танылды. Барынша қарапайым, өз салмағы мен білігіне өзі мәз болмайтын, шын күліп, шын қуанатын Әуезов менің көптен іздеген адамым сияқты екен. Барлық көкірегі, сыр сарайы кең ашылып, бүккені, тыққаны жоқтығын айқын көрсетіп тұрған үлкенді аға деу, Мұқа деу қандай рақат! …

(Ә. Тәжібаев «М. Әуезов» естелігі)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет