Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет14/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
4. Бақылау сұрақтары:

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есімнің қандай мағыналық түрлері бар?

  3. Сапалық сын есім дегеніміз не?

  4. Сапалық сын есімдерде антонимдік, синонимдік қабілет бар ма?

  5. Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?

  6. Қатыстық сын есімдердің жасалуына қандай сөз таптары негіз болады?

  7. Қатыстық сын есімдердің құрамы қандай?

  8. Сын есімдерді құрамына қарай қалай жіктеуге болады?

  9. Қатыстық сын есімдерге қандай белгілер тән?


5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.
2-жаттығу. Берілген мәтіндердегі сын есімнің шырай түрлеріне қарай жұрнақтардың қолданылу ерекшеліктерін талдаңыздар.

а) Сағынған сүйгеннің жанына жаны ұмтылып, айрылмасқа, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі әсем әнмен үйлескендері: бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі./М.Ә./

ә) — Шын қамқорлық екеніне түсінем, Әлеке, оныңа рахмет. Сонда мен қайтпекпін. Өлмекпін бе? Жоқ, маған осы оқу да жетеді. Құдай-ау, әлден алыстай бастады, тұра-бара айрылармын мен одан. Шақырыңдаршы бері, қайда өзі! Не дер екен? - Нүрпейіс пен Асанға жарлық еткендей, Бәтиманың дауысы қаттырақ шықты. /А.Х./

б) Денесінің бар көлемі жұдарықтай ғана, бірақ, қанат, құйрығымен тұтаса алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылттау қияғының өткірлігі ұстарадай, мөлдіреген қарақаттай қап-қара көздері томпайып сыртына қарай тепкен, бетегесі жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, сарғылт саусақтарының басына имие біткек сұрғылт таяқтарының ұштары егелген біздей өткір, жазған қанатының топшасынан арғы жағы қарлығаштың қанатындай ойылыңқырап барып, үш жағы іп-істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша, қарасұрлау қанатының түсі қоңырлау таңбалармен сапырылысы, түсін кейде қарасұр, кейде қара қоңыр көрсетіп, құлпыртып тұратын./С.М./
3-жаттығу. Сын есімдерге толық морфологиялық талдау жасаңыз.

Дәл осының артынан олпысы ақырын сылдырап, ақ жүзіне қызылы нұрдай жарасқан Тоғжанның өзі келді. Дәрменсіз мұсылман қауымы ұзақ шуласқанмен, еш нәрсе өндіре алмай, енді басылуға бет алған. Атарман, шабармандар, үлкенді-кішілі әкімдер жабыла жапырласып, екі апта бойы дйындық жасасты. Тас қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара кемпір ту ішін құйындай құтырып, кезіп жүргендей (М.Ә.) Аяқ астындағы арбаңдаған ізді аңдып келе жатып байқамапты, үстіндегі үйме-төбе жүгінен құтылып нағашысы қайтып оралған екен.


4-жаттығу. Сын есімнің қандай сөйлем мүшесі екенін астын сызып көрсетіңіз.

  1. Сыпайы сырын сақтар.
    Әдепті арын сақтар.

  2. Жаманның тілі ащы,
    Көк мияның гүлі ащы.

  3. Үлкенді сен сыйласаң,
    Кіші сені сыйлайды.

  4. Жаманға еткен жақсылығың,
    Жатқа кеткен малмен тең.

  1. Ашулыдан алты табан қашып тұр.

  1. Жақсыға барсаң, жауылып қайтасың,
    Жаманға барсаң, жабығып қайтасың.

  2. Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді,
    Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.

  3. Жақсымен жанассаң, жетерсің мүратқа,
    Жаманмен жанассаң, каларсың ұятқа.

5-жаттығу. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың контекстегі қайталанып жұмсалу ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.

Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел Күшікбайдың бауырында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып көрінеді(М.Әуезов).

2-жаттығу. Сын есімдерді пайдалана отырып, әзіл өлең шумақтарын, сөз қалжыңын шығарыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет