Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


-сыныпта Бұл сөз таптары туралы теориялық білім бері леді, ережелер жаттатылып, жаттығу жұмыстары орындатылады. 4-сыныптарда



бет19/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
казак т

2-сыныпта Бұл сөз таптары туралы теориялық білім бері леді, ережелер жаттатылып, жаттығу жұмыстары орындатылады.
4-сыныптарда сөз таптарының бұл түрлері туралы жалпы грамматикалық мәлімет бері леді.
Үстеу тақырыбы тек қана 4- сыныпта өтіледі. Үстеуді етістікпен байланыстыра, қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы екендігі ұғындырылады.
Оқушыларға қазақ тіліндегі сөз табының бір түрі үстеу туралы кеңірек түсінік беру
2. Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету:
3. Тәрбиелігі: Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
18.Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту жолдары?
Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілі фонетика элементтерінен білім мен дағды беріледі. Бұл білім мен дағды басқа да тілдік фактілермен ұштасады. Оқушылар олардың ең негізгілерін тануға талпынады. Осындай білім негіздерін меңгеруде оқушылардың ой-пікірі, білім дәрежесі мен түсініктері сатылап өрлей береді.. Бастауыш мектеп оқушылары дыбыс жүйесі элементтерімен орта мектепте өтілетін фонетика материалдарына дайындық боларлықтай мөлшерде білім мен дағды алады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі фонетика элементтерінен оқушылар тек ең негізгі, практика жүзінде меңгеруге келетін жақтары ғана таныстырылады. Оқушылардың әрбір материалынан алған білімі сынып көтерілген сайын біртіндеп сатылап дәрежесі кеңейе береді. Бастауыш мектеп оқушыларына дыбыс пен әріп туралы білім мен дағды әліппе кезеңінен бастап меңгертіле бастайды. Мұғалім дыбыс пен әріпті оқушыларғы меңгерту процесінде жеке дыбыстардың айтылуы мен жазылуын таныстырумен бірге ол дыбыс пен әріптердің негізгі ерекшелігі, яғни дыбысталу қасиетін де меңгертеді. Дыбыстар мен әріптерге берілген таңбаларды естиміз және көреміз. Сонымен әріптерді көреміз және жазамыз деген анықтаманың мәні мен мағынасын мысалдар арқылы дәлелдеп, оны саналы түрде меңгеру үшін көмектеседі.
Оқушыларға дыбыс және әріпті таныту бағытында дыбыстан сөз құралатыны, сөздің белгілі бір мағынасы болатын сөзден сөйлем құралатыны және сөйлем арқылы адам өзінің ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны тәрізді білімдер меңгертіледі.
Сонымен оқушылар сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан, буынның дыбыстан тұратындығын талдап жинақтай алады. Жазба дыбыстың әріппен таңбалатыны әр дыбыстың таңбасы болатындығы ұғындырылады. Мұғалім қазақ тіліндегі дыбыстардың дауыс шығаруына баланысты дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінетіндігін таныстырады.
Қазақ тілінде қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыстардың бар екендігін танумен бірге дауысы дыбыстарды созып айтып ән салуға және дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі қалыптастырылады. Сонымен бірге дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі мен дыбыс жасайтын мүшелері туралы да мағлұматтар беріледі. Мысалы: Ауыздың кең ашылуынан дауысты дыбыстардың анық, ашық және жуан, жіңішке естілуі және о, ө, у, ұ, ү дыбыстарын айтқанда екі еріннің алға қарай дөңгелене созылуы сияқты мәліметтер игертіледі. Бастауыш сыныпта дауысты дыбыстарға салыстыра меңгертілетін тақырыптардың бірі дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың буын құрай алмайтындығы, дауыссыздарды айтқанда ауцыздың кең ашылмай, дыбыстардың кедергіленіп шығатындығы оқушыларға жеткізіледі. Үнді дауыссыздар созылып, айтылғанмен оған ешқандай дауыстың қатыспайтын белгілері ұяңдар жұмсақ айтылып, дауыстың болмайтын ерекшеліктері және қатаң дауыссыз дыбыстар қатты айтылып бұған қатысты дауыстың болмайтын қасиеттері меңгертіледі.
Дауысты мен дауыссыз дыбыстың өзіндік белгілерін мұғалім түрлі сөздерді буынға бөлдіріп, ондағы әр дауыстының бір-бір буын құрап, дауыстыларды созып айтуға болмайтыны сияқты өзіндік қасиеттер дауыссыз дыбыстарда жоқ екені сол буын құрамындағы мәні басқа сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстармен саластыра отырып иеңгертіледі. Тілдік фактілерге сай жүргізілген методикалық жұмыстардың нәтижесінде сөздің буынға бөлінетіндігін біліп алады.
Оқушыларға дыбыс пен әріп әбден танытылып болғаннан кейін алфавиттен білім беріледі. Дыбыстар мен әріптердің түрлі қасиеттерін танытуға байланысты қаратылған күллі жұмыс алфавиттегі әріптердің тәртібі бойынша алып барылады. Фонетика материалдарын ауыз екі түсіндіріп танытуда оқушылардың байланычстырып сөйлеу дағдысы артады. Осы байланыстынрып сөйлеудің қағаз бетіне түсіріп әрбір сөздің сөйлемнің қалай басталып жазылуын үйретуде бас әріптің мәні үлкен әрбір фонетика материалдарын оқушылар ойына толық қалыптасытруда түрлі дағдыландыру жұмыстары алып барылады.
Бұдан кейін қазақ тіліндегі дыбыстардың дауыс қатысына қарай екіге бөлінетіндігі оқытылады. Сөйтіп дауысты дыбыстар мынандай тәртіппен, а, е, и, о, ө, у, ү, ұ, ы, і, ә жуан дауысты дыбыстар мынандай ретпен а, о, ұ, ы, э ал жіңішке дыбыстар төмендегі жүйемен оқытылады; ә, е, е, и, ү, і . Дауыссыз дыбыстар осы айтылғандардан кейін үйретіледі. Олардың бойындағы ерекшеліктері дауыссыз дыбыстарға қарама-қарсы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет