Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


 Жалаң, жайылма сөйлемдерді оқыту жолдары



бет21/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
20. Жалаң, жайылма сөйлемдерді оқыту жолдары.
Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді 1)жақты және жақсыз сөйлем; 2)жалаң және жайылма сөйлем ; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4)атаулы сөйлем.
Жалаң сөйлем –  тек тұрлаулы мүшеден (бастауыш , баяндауыш) ғана құралған жай сөйлемнің түрі. Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарыныңқатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді. 
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма . Тұрлаусыз мүше қатыспайтын , тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: есіл тасып жатыр. Жағасы- бал-құрақ .Аты жүйрік екен. 
Жайылма сөйлем- жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауыш не баяндауышты , не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуіне немесе бірнешеуінің енгізілуі арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар . Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады.
Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүше бірге қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы:  “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал) . Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың ) анықтауышы болып тұр. Сондай-ақ адамның “Алып анасы – қара жер” перзентін құшағына бір алады сөйлеміндегі бастауыш қызметінде “жер” оның анықтауышы “қара” айқындауыш “ана” болып тұр . Ал “ана” сөзінің анықтауышы ретінде “алып” және “адамның” сөздері қызмет атқарады. Екінші жағынан “құшағына алады” тіркесі баяндауыш болып тұрып , тұра толықтауышы (“перзентін”) керек етеді. Жайылма сөйлем құрамындағы сөздер өзара әр түрлі синтасистік байланыста болады. Мысалы , меңгере байланысу (“перзентін құшағына алады”), матаса байланысу (“адамның анасы”), қабыса байланысу (“алып анасы”) , т.б 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет