23.Құрмалас сөйлем және оқыту жолдары. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:
• кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
• жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
• негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді. Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:
• Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті
• Адамның іші қандай болса, іші де сондай.
Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.
Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:
• Синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;
• Тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;
• Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
• Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;
• Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.