Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


Ана тілін үйретуде көрнекі құралдардың маңызы. Көрнекі құралдардың түрлері



бет10/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
казак т

11. Ана тілін үйретуде көрнекі құралдардың маңызы. Көрнекі құралдардың түрлері.
Білім берудегі мақсат жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой – талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сондықтан мына мүмкіншіліктерді туғызу қажет:
А) әрбір оқушыны белсенді танымдық үрдіске тарту, алған білімдерін қайда, қандай жағдайда, қандай мақсатта қолдану керектігін нақты түсіне отырып, іс – тәжірибе жүзінде қолдану;
Ә) ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту;
Б) баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру;
В) әртүрлі мәселелерді шешуде, қажет жағдайда сөйлеу дағдыларын қолдана білуде бірлесе жұмыс істеу, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауын қадағалау.
Осы мүмкіндіктерді, мектеп оқушылар құрамының ерекшелігін және сыныптағы оқушылардың мүмкіндіктері мен даму деңгейінің әртүрлілігін ескере отырып, мен мына өзекті мәселені таңдап алдым. Мен орыс мектебінде қазақ тілі пәні бойынша жұмыс атқарып жатқаныма 8 жыл болды. Білім берудегі тың міндеттердің бірі- жасөспірімдердің оқуға қызығушылықтарын арттыру. Жаңа материалды игеруде, жаңа білімді қабылдауда, бекіту сабақтарында маған ойын технологиясының элементтерін қолдану, көрнекілікті орнымен қолдану үлкен көмек болды. Менің осы өзекті тақырыпты таңдап алуым да сол себепті.
Әрине жұмыс барысында басты нормативтік құжаттарды басшылыққа алдым. Өзекті тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып шықтым. Ұлы педагогтар мен зерттеуші ғалымдар, белгілі әдіскерлердің еңбектерімен танысып, оқыдым. Сол әдебиеттерден тақырыпқа байланысты ұлы педагогтардың айтқан сөздерінен мысал келтіріп кеткім келеді:
С.Н.Лысенкова: ”Адамға тіл,құлақ,қол қандай керек болса, мектепте ойын,көрнекілік сондай қажет.”[61,62].Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский:
”Егер де балаға сөз үйретуге қиналатын болсаңыз,сыныпқа кірерде мазмұны жағынан балаларды сөйлеуге ынталатындыратындай сурет ала кіріңіз.Олар сіздің суретіңізді көрісімен,өздері де сөйлеп қоя береді,сонда сіз өзіңіздің үйрететін сөздеріңізді қалай үйренгенін білмей қаласыз.” – деп көрнекілік жайлы айтқан.[171]. Педагог В.Г.Белинский: ”Тәрбиелеу - ұлы іс.Онымен адам тағдыры шешіледі.Ойын арқылы оқушыны жақсы жақтарға тәрбиелей аламыз.”[120]. К.Д.Ушинский: ”Баланың тәрбиешісі көп,солардың ішіндегі ең жақсы тәрбиешісі – ойын.” – деген.[23,24]. С.А.Макаренко: ”Ойынның оқушыларға берері мол,көңіл – күйлері шат болып, бір –бірімен қарым – қатынастары жақсарады” – дейді.[380,384]
Оқу процесінде қолданылатын көрнекілік түрлерін атап өтсек: -Табиғи көрнекілік: оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстырады. -Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды. -Суретті көрнекілік: нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, мылқау кинофильмдер). -Жасанды көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, плакаттар, портреттер, панорама. -Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б. -Символдық және графикалық көрнекілік: карта, жоспар, сызба, диаграмма. (абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді) -Техникалық көрнекіліктер: киноаппараттар, диафильмдер, диопроэкторлар, эпидиаскоптар, телевизор, радио т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет