Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


Бастауыш сыныпта етістіктің дара, күрделі, негізгі, туынды, болымды, болымсыз түрлерін оқыту жолдары



бет11/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
казак т

12. Бастауыш сыныпта етістіктің дара, күрделі, негізгі, туынды, болымды, болымсыз түрлерін оқыту жолдары.
қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;
- оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
- етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;
- етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;
- етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік бойынша мынадай болып белгіленеді:
1. Міндетті деңгей:
- етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу;
- етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін тану;
- етістікті сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;
- етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды қатыстырып сөйлемдер құрау;
2. Мүмкіндік деңгей:
- етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің мақсатына сай айқындай алу;
- етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді айқындау:
Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – мектепте етістіткті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін пайымдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет