14.Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламаларының білім мазмұнын салыстырмалы талдау.
Дәстүрлі сабақ үрдісінде - мұғалім әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіру. 2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгерту.
3. Шығарманың идеясын анықтап талдау. 4. Шығарма жазу
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді. 2. Кейіпкерлерге мінездеме береді. 3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады. 4. Тақырып бойынша шығарма жазады. Бағалауда жер мен көктей айырмашылық бар.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ
1.Топқа бөліп, ой қозғау. 2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттау.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтау. 4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастыру.5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтау. 6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттау.
1.Топтарда жұмыс жасау. 2. Мәтінмен өздері таныстыру. 3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралау. 4. Жеке кейіпкерлерді талдау, олардың іс-әрекетін зерттеу. 5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіру.
15.Сауат ашу кезеңіне қойылатын педагогикалық талаптар. 1.Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары бланың жас ерекшелігіне сай түснікті болуы тиіс. оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек.Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.Сауат ашу кезеніңдегң негізгі оқу материлдары:-жеке сздер,сөз тіркестері,шағын сөйлемдер.Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса,оны оқуда жазу да қиын болмайды.Оқушыларға сауат аш кезеніңде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2. Көрнекілік.Бұл -бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс.Бастауыш сыныптар да сабақтардың бірде біреуі көрнекіліксіз өтпейді.Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер,хемалар,ойыншықтар,түлі заттық үлгілер,плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ спасын арттырады.Көонекі құрлдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болу керек.
4. Жеке - дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке- дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындауы қиын болады.
қу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе десе де болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі.
Сабақ- тарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс- әрекет формаларын жиі өзгерту- балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Балалардың ес ерекшеліктері - логикалық сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде,мағынасына түсінбестен жаттап алады. Тәрбиеші бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.
Мектепалды даярлық тобының балаларының қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар. Олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, Тәрбиеші тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттармен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс сөз терминдерін шатастырады. Тәрбиеші бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қана қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады.