29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар. Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
(Абай)
30-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ категориясына назар аударыңыздар. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады.
Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.
1-апта. 3-тәжірибелік сабақ Грамматика: Етістіктің осы шақ категориясы. Қазақ тіліндегі модаль сөздер. 31-тапсырма. Мәтінмен танысып, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры * * * * * Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А. Байтұрсынов) Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы) Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныту. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Оған кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және басқа тілдер. Қазақ тілі – өзінің әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуы XІ-XІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасқан. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары
(V-VIII ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» , Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикмет» (XІ-XІІ ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі қазақ әдеби тілі бізге жеткен.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда.
Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан 600 тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр.
Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда: «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.
Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тіл бар жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар.
Сөздік: егеменді – суверенный
түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно
көне – старый; старинный, древний; античный
құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный
ежелгі – давний: древний; исконный
шежіре – родословие; летопись; родословная история
мұра – наследие; наследство; памятник
32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі? 3. Қыпшақ тармағына қай тілдер кіреді? 4. Қазақ тілінің қалыптасуы қай кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ тілінің ең көне бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар бүгінгі ұрпаққа не арқылы жетіп отыр? 7. «Тіл туралы» Заңда не айтылған? 8. Дүние жүзіндегі барлық халық тәуелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге кімдердің шығармалары арқылы жеткен?