Етістіктің өткен шақ категориясы ( Категория глагола прошедшего времени)
Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:
Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).
Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).
Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).
Жедел өткен шақ:-ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).
Бұрынғы өткен шақ:-қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын, кел+ген+сіз; 2. бұрынғы (ежелгі) өткен шақ; -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.Мысалы: мен бар+ып+пын, (сен) кел+іп+сің, (ол) оқы+п еді. Ауыспалы өткен шақ:есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Қазір, бүгін, ертең, келесі күні үстеулері арқылы айтылса, онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат жаз+атын+мын (өткен шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді(келер шақ).
20-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар. Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу, қасірет, халықтың денсаулығы, химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау, тыйым салу, ұлт саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.
21-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар. 1954 жылдан бастап Қазақстанда .....................................................................
Қазақ тіліндегі мектептер саны ........................................................................
Ол атаулар санамызда бекіп, ............................................................................
1956 жылы Қазақтың үш арысы ......................................................................
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ....................................................................
Алайда, бұл шаралардың ..................................................................................
80-жылдардың ортасында ................................................................................