23-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін анықтаңыздар. Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге. Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания поступила в университет, а ты?
24-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар. Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).
25-тапсырма. Келершақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты – киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді (М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).