«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың



бет141/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың
қалаулы ұлы

Ә.Ермеков – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халықтың қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өміріне белсене араласып, өзінің өнегелі өмір жолымен тарихта терең із қалдырған тұлғалардың бірі, белгілі қоғам қайраткері, әрі ұстаз-ғалым. Оның өмір жолы 2009 жылы 75 жылдық мерейтойын тойлаған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен тығыз байланысты.


Томск техникалық институтының тау-кен факультетінің бесінші курсында оқып жүргенде, 1917 жылы болған қос төңкеріс оқиғалары Ә.Ермековтың оқуын тастап, саяси өмірге араласуына тура келді. Ол 1919-1920 жылдары Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет мүшесі ретінде, Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына белсенді атсалысады.
Осы қазақ революциялық комитетінің 1920 жылдың 18 мамырындағы қаулысы бойынша, Ә.Ермековке №2043 мандат беріліп, сол жылдың 18 тамызында ол Мәскеуде В.И.Лениннің алдында «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасады. Бұл баяндамаға ерекше назар аударылу себебі, Ресей империясы кезінде халқымыздың шұрайлы өлкелерін тартып алып, отарлаушыларға берілген болатын.
Ә.Ермеков өзінің өмір жолының бір белесінде ұстаз, ғалым ретінде танылды. Қазақстандағы оқу орындарының аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлесін қосты және алғашқы оқу орындарының іргетасын қалаушылардың бірі болды.
1927-1935 жылдары Қазақ педагогикалық және Алматы мал дәрігерлік институттарында сабақ берді. 1935 жылы математика саласында тұңғыш профессор атағына ие болды. Ә.Ермеков 1935-1937 жылдары қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да еңбек етті. Алғашында математика кафедрасының профессоры, кейіннен кафедра меңгерушісі болып, жастарға сапалы білім беруде өзінің күш-жігері мен білімін аяған жоқ.
Ә.Ермеков 1930 жылдардағы әкімшілік-әміршіл кезеңінің зардаптарын басынан кешіріп, «Алаш» қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргінге ұшырады. 1957 жылы толық ақталып, өмірінің соңына дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ұстаздық қызмет етті. Ол – Кеңес өкіметінің ұзақ жылдарға созылған қудалауына қарамастан, өзінің адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін сақтай білген халықтың қалаулы ұлы.
398-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет