501-тапсырма. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларымен сөйлемдер құрастырыңыздар. Және, да, де, та, те, әрі (и, к тому же).
Ү л г і : Көмірден май да шығады, әрі темір қорытатын кокс те шығады.
502-тапсырма. Көп нүктелердің орнына ыңғайлас салаластың екінші жай сөйлемін өз ойларыңыздан құрастырып, қосып жазыңыздар.
Үлкендердің үлгі-өнегесі арқылы әдет дағдыға айналады да, ................... . Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін конституция анықтайды да, .................. . 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті де, ............................. . Қазақ халқы бостандық, азаттық үшін күресті де, ......................... . Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді, .......................... . Жұмыс басталып кетті де, ............................... .
503-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, әлемдік және аймақтық экологиялық проблемалардың жігін ажыратып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
Әлемдік экологиялық проблемалар
Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі қалалар, жол, үй, алып ғимараттар салынды. Нәтижесінде, бізді қоршаған ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар шығарылды.
Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат қауымына, қоршаған орта табиғатына зиянын тигізді. Бірте-бірте бұл жағдайлар қауіпті экологиялық проблемаларға айналды.
Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды – жергілікті, аймақтық және әлемдік деп жіктейді. Жергілікті экологиялық проблемалар-белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.
Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тұмшалар, жылыжай эффектісі, мұхиттар мен теңіздердің ластануы, жатады. Әрине аталған экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар бір-біріне ұласып, сабақтасып жатады. Әрбір экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігі, қауіптілік деңгейі, әсер ету аймағы мөлшері болады.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған.
Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда – тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді.
Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.
Атмосфераның химиялық ластануы – бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |