Ү л г і : Қаланың маңы.
1................................................ 2................................................ 3................................................ 4................................................ 5................................................ 6................................................ 7................................................ 8................................................ 9................................................ 10................................................
58-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қосып жазыңыздар. Ұзақ жолаушылап, қырғыз ............ таяу бір асудан асқан ол орманға еніп кетті. ............. қалпақ, ................ қой жүнді шекпен, аяғында саптама етік. Бір мезгілде тап ............., шоқ ағаштың .............. қатты айғай естілді. Ағаш ............. бір жігіт шыға келді. .............. қазақтар, қырғыздар көп. Иса қалың халықтың .............., күрестің бел ............. жүрген.
* * * * * Жау ............ жұдырық,
Жарақтыға жау жолықпас (мақал).
Сөйлемдерді толықтыруға керекті көмекші есімдер: сыртына, басында, жанында, ішінде, арасынан, ішінде, ішінде, ортасында, артынан.
59-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударып, көмекші есімдерді табыңыздар. Ораз Жандосов үлкен төбенің үстіне шықты. Ол аттан түсті. Төбенің үсті теп-тегіс, шөбі қалың. Неше түрлі гүлдер жайнап тұр. Аспанда торғайлар ұшып жүр. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Ораз бала кезінде осы төбенің үстінде талай рет ойнаған. Туған жерім қандай әдемі! Ораз Жандосов – большевик, революционер.
* * * * * Қазақ тілі кабинеті үлкен, жарық. Кабинеттің ортасында ұзын үстел тұр. Үстелдің үстінде кітаптар, газет-журналдар жатыр. Кабинеттің ішінде, оң жақта үш шкаф тұр. Онда қазақ тіл, шет тілдері оқулықтары бар. Екі терезенің арасында кішкене үстел тұр.