Арты – за; задняя часть. Үйдің арты (за домом).
Жаны – рядом; возле. Үйдің жаны (рядом с домом).
Қасы – возле; около. Үйдің қасы (возле дома).
Іші – в; внутри. Үйдің іші (внутри дома).
Сырты – вне; за; снаружи; наружная часть. Үйдің сырты (вне дома).
Басы – верх. Ағаштың басы (верх дерева).
Түбі – у; низ. Ағаштың түбі (низ дерева).
Ортасы – центр; посередине. Көшенің ортасы (посередине улицы).
Қарама-қарсы – напротив. Үйге қарама-қарсы (напротив дома).
Мысалдар: Үйдің іші таза (внутри комнаты (в комнате) чисто. Үйдің жанында жеңіл машина тұр (около дома стоит легковая машина). Үстелдің үстінде қалам, журнал жатыр (на столе лежат ручка и журнал). Терезенің алдында үстел тұр (перед окном стоит стол).
Тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жастарды балалықты тас...п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай. Пайдалы қазбаларды із....у, бар...у, суретке түсіру т.б. салалардағы инженер-геологтар. Кен қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық игілігіне жұм...у, негзігі міндеттердің бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана арнайы тәсілмен кен қазыла бас...йды.
Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.
54-тапсырма. Кестеде көрсетілген Абылай ханның өмірінің барлық сәттерінде үлгі-өнеге бола білген көсемдердің есімдерін есте сақтаңыздар.
55-тапсырма. Төмендегі көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Сырты (вне, снаружи), қасы (возле, около), үсті (над), қарама-қарсы (напротив), жаны (рядом, возле)
56-тапсырма. Көмекші есімдерге берілген сөз және сөз тіркестерін тәуелдік формада септеңіздер.
Ү л г і : Арасы, арасының, арасына, арасын, арасында, арасынан, арасымен. Үйімнің сырты, үйімнің сыртының, үйімнің сыртына, үйімнің сыртын, үйімнің сыртында, үйімнің сыртынан, үйімнің сыртымен.
Іші, түбі, ортасы, алды, университеттің маңайы, көшенің бойы, судың жағасы, ескерткіштің тұсы, аялдаманың алды, халықтың ортасы.
57-тапсырма. Сөздердің екінші дұрыс сыңарларын тауып, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
1 . қаланың
2. зиялы
3. көлдің
4. көшенің
5. шеткі
6. үйдің
7. терезенің
8. үлкен
9. құдықтың
10. ауылдың
11. үстелдің
|
а) тұсы
ә) іші
б) алды
в) дәрісхана
г) басы
ғ) сырты
д) қауым
е) үсті
ж) ортасы
з) маңы
й) жағасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |