«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет28/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204
60-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.
Алғашқы жүрісінен айырылған қос жирен қайта қарқынға мініп, менің қасыма да жетіп қалды. Мен де қарсы алдынан қолымды бұлғап, жол үстіне атып шықтым. Екпіндей жеткен қос ат ішін тартып, осқырынып тұра қалды. Еті қызған аттар жол бойымен тоқтамай, желіп келеді. Ішіне құм толтырылған жастықшаны алып тастады (С. Жүнісов). От жағылмаған бөлменің іші салқын екен. Алаша үстінде ойнап отырған Болаттың нәзік саусақтары қызарып кетіпті.
* * * * *
Жергілікті адамдар бұл төңіректің маңында сол жылдары Исадан басқа атағы жайылған Байзақовты естіген емеспіз деседі. Иса – қайраткер, қашан да қалың халықтың ішінде, күрестің бел ортасында жүрген. Жиырмасыншы жылдардың ішінде телеграммаға қол қоюшылардың ішінде Байзақов деген фамилия да кездеседі. Алғаш оның басына келгені – «Аңшы ма немесе тыңшы ма?» деген үрейлі күдік. Ақбөпеш-ау, үйдің іші азынап кетіпті ғой! Ақбөпеш оны жер үйдегі пештің үстіне қойды.

61-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, негізгі және туынды етістіктерге негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.


Ү л г і: Абылай өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейне+ле+ді (бейнелей білді).
Билігін жүргізді, көсемі бола білді, қажет екенін терең түсінді, мүддеге бағындыра білді, таң қалдырып, мәдениетіне жүйрік болды, күлер шығарып, жеңіс туын желбіретуі, сақталып отыру, қорғаушы, бағалайды, алып шығады, сынынан өтуі, Абылайды іздеп барады.


62-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, сөйлемдердің мағынасының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.



1

2

3

4

5

1

шықты

арасынан

батырлар

нағыз

халық

2

ретінде

белгілі

тарихта

ол дарынды

күйші

3

қосып

біріктірді

күшін

үш жүздің

басын

4

алды

Абылай

жоңғарлардан

қайтарып

жерлерді

5

білді

ұлттық

қазақтар

тәуелсіздігін

сақтай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет