кімде? неде? қайда? қашан? (у кого? на чем? где? когда?)
-да, -де, -та, -те,
-нда, -нде
Шағыс
(исходный падеж)
кімнен? неден? қайдан? (от кого? от чего? откуда?)
-нан, -нен, -дан,
-ден, -тан, -тен
Көмектес
(твор.-соед. падеж)
кіммен? немен? қалай?
(с кем? с чем? как?)
-мен (менен),
-бен (бенен),
-пен (пенен)
72-тапсырма. Мәтіннен жіктік және септік жалғауындатұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар. Ү л г і:Соғыс; Отан соғысы+ның.Отан соғысы+ның сүргіні басталғанда, қазақ халқы 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Тарих; өзінің тарихы-нда.Қазақ халқы өзінің тарихы+нда мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес.
Басшы;Ұйтқы болған басшы. Осыған ұйтқы болған басшы – халықпен ақылдасып, бәрі бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтерді.
ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды: Мен басшы+мын; сен басшы+сың; сіз басшы+сыз; ол басшы.
73 -тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мұғалім– кейде бұл сөздің орнына өз тіліміздегі «оқытушыны» қолданып жүрміз. Мұғалім бізге араб тілінен кірген. Араб тіліндегі алғашқы түбір галим – білгір, білетін мағынасында айтылады. Ал оның алдына «му» қосымшасы жалғанып барып мұғалім сөзі шыққан. «Мұғалім» біздегі «үйретуші» сөзінің мағынасымен бірдей.
Емтихан – бұл сөздің араб тіліндегі ең алғашқы түбірі «махан» – сынау, байқау дегенді білдіреді. Осы түбірге сол тілдегі түрлі қосымшалар жалғану арқылы «имтихан»болып өзгеріп, «сынау, байқау» мағынасын берген сөз, біздің тілімізге ауысқанда өз мағынасын сақтап, тұлғасы жағынан «емтихан» болып қалыптасқан.
Сабақ – «сабақтың» басты мағынасы мүлдем басқаша. Араб тіліндегі «сабақ» сөзі «таңертең» мағынасын білдіреді. Оның ауыспалы екінші мағынасы – «таңертең келу». Оқудың көбінесе ертеңгілікте басталатынын ескерсек, сабақ сөзінің «таңертең оқуға келу» мағынасын беретіндігін байқаймыз.