«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет59/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   204
* * * * *
Қар – ........., бүркіт – ........., түлкі – ........
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Өлең жолдарын толықтыруға керек сапалық сын есімдер: тәтті, жасыл, күңгірт,сұрғылт, жұмыр, наданның, жалқау, аппақ, қызыл, қара.


138-тапсырма. Төмендегі сапалық сын есімдерге қарсы мағыналы сын есімдерді тауып жазыңыздар.
Түзу, әлсіз, кең, жуан, қышқыл, тұзды, қырлы, сопақ, ақ, тентек, үлкен, жақсы, ауыр, ащы.


139-тапсырма. Сөйлемдердегі сапалық сын есімдерді тауып, астын сызыңыздар.
Адам тастан қатты, гүлден нәзік. Кітап – алтын сандық. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жемісті ағаштың басы төмен. Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер. Жоғалған пышақтың сабы алтын. Жақсы сөз – жарым ырыс. Аспанның батыс беті қызғылт қоладай жарқырайды. Төбесі – аппақ қар, өңірі – жасыл орман. Қол-аяғы балғадай жұмыр.


140-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіріңіздер. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.


Аталы сөз – слова назидания, умные слова, крылатые слова; Ақ жаулық – женщина, жена, супруга, спутница, подруга жизни; Ақ көңіл – простушный, добрый, чистая душа; Ақ бата – благословение; Ақ жарқын – жизнерадостный; Ақ жүрек – прямодушный, откровенный, душа нараспашку; Ат көпір – очень много, хоть отбавляй; Ашық ауыз – разиня, ротозей, раззява; Аядай жер – клочок земли.


141-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын меңгеріңіздер. Сапалық сын есімдерді табыңыздар.

Ақ аю мен қара аюдың түр-түсі бір-біріне ұқсамайды, бірақ туыстығы бірден аңғарылады. Полярдың ақ қара, көк мұзында тіршілік ететін ақ аюдың түсі әрқашан ақ болады. Қоңыр аюлар ақсары да, қоңыр да, қара да бола береді. Ақ аю – жыртқыш аң, оның табиғи тіршілік ортасы су. Қоңыр аю орманды аймақтарда кездеседі, олар балқұмар болып келеді. (Ол кім? Бұл не? кітабынан)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет