«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан



бет7/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлініп қарастырылады: бірінші кезеңі – 1950-1970ж.ж. «жылымық»; екінші кезеңі – 1971-1985ж.ж. «тоқырау»; үшінші кезеңі – 1985-1991ж.ж. «қайта құру» кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралды. Қазақстаннан Орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара және түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ бағытта болуы көптеген қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде Қазақстандағы ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. Сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.


1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның Солтүстік облыстарында совхоз орталықтары салынды.
Қазақстанға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Осы жылдары жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді. Үш мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын қазақ қалай болса, солай қоя салмаған. Жерлердің аттары тарихи жағдайларға, ірі оқиғаларға, жер бедерлерінің орналасу ыңғайына, оның пейзаждық ерекшеліктеріне және т.б. сәйкес қойылып отырған. Ол атаулар санамызда бекіп, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.
Ал тың игеру жылдары қазақ халқының осындай салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Осы кезеңде тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Түрі ұлттық мәдениет – оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде қудаланған ұлттық интеллигенция өкілдерін бағалауға жол ашылды. 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш арысы – Сәкен, Ілияс, Бейімбет ақталды. Тоталитарлық тәртіп қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасағанымен, оларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, М.Әуезовтің «Ақын аға», т.б. еңбектерін жариялауға тыйым салынды. Жалпы 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.
Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлылығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру мақсатымен жыртылған жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің құнарлы бет қыртысы – шаң-тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.
Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Қазақстанда Орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар зиялылар мен жастар арасында наразылықтар туғызды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы – Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезовтер бас болып, «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту, себебі осы кезеңде ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып көбірек дәріптелді.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсті. Қоғамдағы қайшылықтар шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, Горбачевтің социализмды «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.


Сөздік:
жылымық – оттепель тыңайтылған – удобренный
сыңаржақ – односторонний науқан – сезон
қоныс – поселение; стоянка рухани – духовный
ізеттілік – почтительность; вежливость
ерте көктемгі жылымық – ранняя весенняя оттепель
қасірет – горе; страдание; печаль; скорбь; беда; трагедия
тың – целина; целинный; бодрый; крепкий; свежий




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет