(Множественные окончания)
«Флексия» – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия» дейді. (Ә.Хасенов)
Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар.
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т.б.). 2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).
6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы: Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар + ы + ның бірі – алтын шығару болды.
7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
– XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?
– Қазақстанның Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-
губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы), Ақмола, Семей, Орал,
Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына
кіргізіліп, ішкі Бөкет ордасының аумағы Астрахан губерниясына, ал
Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.
– Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?
– XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік
өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында,
темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |