26-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалдыкелер шаққа айналдырыңыздар. Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.
27-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).
28-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар. Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,
У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.
* * * * * * Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,
Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
* * * * * * Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,
Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.
* * * * * * Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», - деген менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас, оның ұрпағы да әке жолын қуар.