«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет35/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204
77-тапсырма. Сөйлемдерден септік жалғауларында тұрған сөздердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде ашуланып, бәрін тастап еліне кетеді. Сөйтіп олар Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық қазақтарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуын сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеліп соғады.
2 апта. 6-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Тәуелдік жалғаулары.
78-тапсырма. Қазақ хандығының негізін қалаған Әз Жәнібек хан туралы тарихи деректермен танысып, оның қазақтардың басын қосуға сіңірген еңбегін меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі әз Жәнібек хан
(? 1480)
Барақұлы Жәнібек хан – Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы. Көк Орда ханы Өрістің (Орыстың) шөпшегі, Барақ ханның баласы. Шын есімі Әбусағит (кей деректерде Бусаид). «Жәнібек» – ханның жалған аты. Ол XV ғасырда өмір сүрген, оның 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқтың қасы. Сол кездерден жеткен дерек көздерінде оның есімі үнемі Керей ханмен бірге аталып отырады. Оның алғашқы белсенді қимылы өздеріне қоныс берген Монғолстан ханы Есенбұғаға көмектесіп, қалмақтарға шайқаста көрінеді. Ол Әбілқайыр ханның баласы Шейх-Хайдарға қарсы соғыста бірнеше ел ағаларымен тіл табысып, оларды өздерінің одақтасы етеді. Осы соғыста оның есімі Керей хансыз алғаш рет жеке аталады.
Монғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен, қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін ханның тағы үшін болған өзара қырқысулар өрши түсті. Оларға туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетеді. Олар Әбілқайырдың мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түседі. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар, билік үшін күресте жеңіліске ұшырайды.
Әбілқайыр өліп, оның қармағындағы ел ыдырап, бұрынғы көшпелі өзбек тайпаларының дені қазақтарға келіп қосылып, өзбек-қазақ атанған кезден, яғни Қазақ хандығының елі көбейіп, жері кеңейген кезден бастап, Кереймен бірге Жәнібекті де хан дейді. Осыған қарағанда, Жәнібек Керей ханның тұсында «кіші хан» есебінде елді онымен бірге басқарып, ол өлгеннен кейін билікті тұтас өз қолына алған сияқты.
Жәнібек Керей ханнан кейін жеті жылдай қазақ хандығының ханы болған. Қазақ хандығының бастау кезінен мол дерек беретін атақты тарихшы Мұхамед Қайдар Дулати қазақтардың Монғолстан жеріне келген кезін баяндағанда, үнемі Керейді хан, ал Жәнібекті сұлтан деп ажыратып атап отырады.
Шейх-Хайдар жеңіліске ұшырағаннан кейін, биліктің Орыс хан тұқымдары – Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтуі «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Монғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет