28
қарады. Осындай жағдайда нарықтық экономиканың негіздері қаланып, «әуелі экономика, содан
кейін саясат» ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі атрибуттары жасалды.
Елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының демократиялық векторы орнықты.
БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста әртүрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас
мемлекеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны баршамызға мәлім. Қазақстан сол кездің өзінде
әлемдегі төртінші ядролық сынақтан бас тартып, Семейдегі ядролық сынақ аймағын жауып, АҚШ,
Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып, өзінің бейбітшіл саясатымен, ішкі
тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра білді.
ЕҚЫҰ-ға мүше болған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы осы құрылыммен оның
барлық қызметінің саласы бойынша өзара қарым-қатынастарын жоғары деңгейге жеткізу бағытында
жұмыс істеп келеді. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, Ұлттық азшылық істері
жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі және Демократиялық институттар мен адам құқықтары
жөніндегі бюро тәрізді Ұйым институттарымен тығыз байланыста болып, нәтижелі жұмыстар
жүргізілуде. (238 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: