модуль – дидактикалық жүйе, мұнда оқыту мазмұнынның әдісі, құралдары, формалалары және бақылау жүйесі біртұтас
динамикалық сипатқа ие.
оқыту мазмұны толығымен дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.Жалпы дидактикалық мақсаттың жемістілігі –
модульмен оқыту бағдарламасының мазмұнына жеке мақсат – модуль мазмұнына, тӛл мақсат – оқу элементінің мазмұнына сәйкес.
Модульмен оқыту ұстанымы оқыту мазмұны бӛліктері аралығындағы байланыстардың ӛзара бағыну тәртібін шамалайды:оқу
элементтері модульді құрайды, модульдер модульмен оқыту бағдарламасын құрайды.Олай болса, айтылғандарды түгендей келе, модульге
келесідей анықтама беруге болады: модуль – модульмен оқытудың негізгі құралы, бірлігі.Ол мәліметтің аяқталған блогынан тұрады.Оның
құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы кіреді.Оны ӛрнекпен
былай кӛрсетеміз:
Оқыту мазмұнының жекеленген бӛліктерден құрылу ұстанымы.Бұл ұстаным оқу материалын модуль шеңберінде дидкатикалық
мақсатты шешуге бағытталған және жекеленген элементтерден тұратын белгілі құрылымы бар бірыңғай тұтастық деп қарастыруды талап
етеді.Аталған ұстанымның бағдарламалық оқытудың оқу материалын қадамдарға бӛлу ұстанымымен біршама ұқсастығы және ӛзіндік
айырмашылықтары бар. .[5, 41бб.]
Бағдарламалық оқытуда бұл ұстаным оқу материалын шағын, бір – бірімен тығыз байланысқан, белгілі тәртіппен сабақтаса
күрделенген қадамдарға бӛлуді талап етеді.Модульмен оқытуда әр бӛліктің алдына белгілі әрекетті дидактикалық мақсат қойылады, ал
оқыту мазмұны оны жүзеге асыруда қамтамасыз етерлік кӛлемде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: