Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Педагогикалық жаңа технологиялардың тиімді жақтары



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
 
1.1 Педагогикалық жаңа технологиялардың тиімді жақтары 
Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жӛнінде жиі сӛз қозғалып жүр. Адамзат баласының ӛз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең 
озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен 
дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько ӛзінің «Слагаемые педагогической 
технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге 
асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, 
нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, 
педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. 
Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын кӛрсетеді. 
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Ал, 
белгілі педагог Ш.А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда 
ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» деген. 
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі кӛтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға 
тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Білім беру мекемелерінде жаңа бағдарламалар, жаңа технологиялар 
пайдаланылуда. 
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рӛлі 
артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, кӛлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына
олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерден меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім 
мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды 
жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс: 
1.
Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру; 
2.
Ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатыныс құралы ету; 
3.
Деңгейіне қарап саралып, ерекшелігіне қарап даралап оқыту. [2, 25-27 б.] 
Міне, осы міндеттерді қамтитын « дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған жақын 
даму аймағында оқытады. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының кӛпшілігі ұжымдық ой қызметі 
негізінде баланы ӛз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады, мақсатты оқу іс-әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып 
даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық және жалпы біліммен қатар 
амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастырады.


Бүгінгі
таңда
қоғамымыздың
жаңа 
қарқынмен 
дамуы,
ғылыми-техникалық
прогрестердің
жетістіктері, 
еліміздің ӛркениетті елдер қатарынан кӛрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. [6]. 
1.2 «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рӛлі 
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде 
жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге кӛшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, 
оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім ӛз білімін жан-жақты жетілдіре отырып
оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сӛзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты ӛзі айтып береді, ал жақсы 
оқушының ӛзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. 
Адамзат баласының ӛз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, 
классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз 
не? Технология – tehne (шеберлік, ӛнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сӛзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: 
технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық 
әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько ӛзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген 
еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір 
педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы» [5, 27 б.]. 
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының 
негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта 
мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, ӛйткені, ертеңгі 
ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы. 
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап ӛте үлкен болып отыр. Мұғалім ӛзінің 
инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану 
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, ӛз практикасында 
қолданған әрбір мұғалім ӛз сабағын нәтижелі даму жағынан кӛре алады. 
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық 
технологияларды тәжірибеде қолданады, тӛртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. 
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды 
қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің кӛтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны 
«жаңалық», «жаңа әдіс», «ӛзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. 
Инновацияны қолдану дегеніміз - инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, ӛйткені әр мұғалімнің ӛз іс тәжірибесі бар. 
Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім ӛз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең 
асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық кӛшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. 
Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық кӛзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады. 


Ӛмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге 
жеткізсе, әр технология тиімді. 
Қазіргі заманда жиі кездесетін технологиялар тӛменгі кестеде кӛрсетілген: 
№ 
Технологиялар атауы 
Авторлары 

Саралап деңгейлеп оқыту 
Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У. 

Модульдік оқыту технологиясы 
Жампеисова М.М. 

Дамыта оқыту технологиясы 
Тұрғымбаев Т.,Элькон 
Д.Б. Давыдов, В.В.,Зайцев В. 

Проблемалық оқыту технологисы 
Монахов М. 

Ірі блокпен оқыту технологиясы 
Шаталов, Эрдниев П.М. 

Жобалау әдістемесі 
Дж. Дьюи 

Сын тұрғысынан ойлау 
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, 
Ч.Темпл 

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту) 
Жүнісбеков Ә. 

Алдын-ала оқыту технологиясы 
Лысенкова А. 
10 
Тұлғалық гумандық технологиясы 
Амонашвили Ш. 
11 
Шоғырландырып- қарқындап оқыту(Концентрированно- 
интенсивное обучение) 
Нұрахметов Н.Н., Абдығалиев К.А. 
12 
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы 
Ғалиев Т.Т. 
13 
Интерактивті оқыту технологиясы 
Я.А. Каменский 
Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес. М.Монаховтың жоғарыда айтылған сӛзінен, технология - оқу үрдісін 
жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек: 
1.
Мақсат қою. 
2.
Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған ӛздік жұмысы. 
3.
Оқушылардың сабақтан тыс ӛз бетімен орындайтын жұмыстары. 
4.
Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың 
ұзақтығын анықтайды. 


5.
Түзету.Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың кӛп жіберетін қателері, оқушының оқу 
стандартты деңгейіне кӛтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі. 
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады: 
1.
Оқушыны илеуге кӛне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын 
жеке тұлға деп мойындау. 
2.
Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы. 
3.
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін 
анықтау. 
4.
Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәйкес ӛз бағасын таңдауға мүмкіндік беру [6,43б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет