Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Оқыту мазмұнының жекеленген бөліктерден құрылуы ұстанымын жүзеге асыруда мынадай әдістемелік ережелерге сүйінген



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Оқыту мазмұнының жекеленген бөліктерден құрылуы ұстанымын жүзеге асыруда мынадай әдістемелік ережелерге сүйінген 
жөн:

дидактикалық мақсаттардың ішінен жеке мақсаттардың құрылымын белгілеу

бір дидактикалық мақсаттың жекеленген ішкі мақсатына жету үшін қолданылатын бӛліктердің бірлігі бір ьодульді құруы 
қажет. 


Қатысымдық бағыттылығы ұстанымы. 
Ана тілімізді ӛзге ұлтқа оқытудың басты мақсатын назарға ала отырып, келесі жетекші 
қатысымдық әдіспен оқыту жүйесін айқындап, оны теориялық негізін қалаған ғалым Ф.Оразбаеваның пайымдауынша: «Қазақ тілін үйретуде 
қатысымдық әдіс пайдаланудың ең тиімді жолының тіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым – қатынасы арқылы тілді 
үйретуді жүзеге асыруында.» Бұл – ана тілімізді ӛзге ұлтқа оқытып, үйретудің он бойы оқушыларды ауызша және жазбаша қатынасқа тарту, 
яғни, осы тілді бір – бірімен еркін тілдесу бірлігі мен дағдысын қалыптастырып дамыту негізінде құрылуы тиіс деген сӛз.Шынтуында 
келгенде, тілді әлеуметтік ұүбылыс деп қарауымыздың ӛзі қатысымдық мақсатқа жету үшін сол тілдің дыбыстық кодын және графикалық 
кодын жете игеруді алдыңғы қатарға қояды. 
Қатысымдық бағыттылығы ұстанымы ана тілімізді оқыту мазмұнын – лингвистикалық материалды сұрыптау және ұйымдастыру, 
қатысымдық сала мен жағдайды нақтылау қатысымға түсу үшін қандай қатысымдық дағды қажет және оны ауызша және жазбаша түрде 
жүзеге асыруды, тіліміздің қатысымдық қызыметін игеру қандай құралдар арқылы жүзеге асатынын айқындайды.Қатысымдық бағыттылығы 
ұстанымы ана тілімізді оқытып үйрету барысында ӛзге ұлт ӛкілі қатысымға түсуді жүзеге асыру үшін әр түрлі ұйымдастыру түрлерімен 
қоса сан түрлі ойындарды,соның ішінде рӛлдік ойындардықолдану қажеттілігін кӛрсетеді.Атап айтқанда, бұл ұстаным тұлғалардың бір – 
бірімен қазақша тілдесуіне қолайлы жағдай жасауды талап етеді. 
Сонымен қатысымдық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруда келесі ережелерді басшылыққа алған жӛн: 
Кез келген сөз, сөз тіркесін, грамматикалық құбылысты ала отырып, олардың тілдесімдегі қызыметін, орнын оқушыларға ашып 
көрсететіндей белгілі бір жағдай ұсыну қажет.Себебі оқушылар берілген тілдік тұлғалардың тілдесім актінде қолданылуын алғашқы 
сәттен – ақ көруі тиіс.
Егер тілдік тұлғалар жағдайдан тысқары берілсе және олардың сыртқы формасы мен мағынасына ғана назар аударылса, алғашқы 
сәттен оқушылар бұлардың не үшін беріліп отырғанынтүсінбейді де, қатысымдық ұстаным жүзеге аспайды.


Материалдың меңгерілуі оның бірнеше рет қайталануына байланысты. Олай болса, ұсынылып отырған жағдайда әрдайым 
жаңалық енгізе отырып, материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ету қажет.
Меңгерілген материал негізінде оқушылардың тілдесім жағдайын ұйымдастыра отырып, олар бір – бірімен еркін тілдесіп үйренуге 
неғұрлым қолайлы жағдай, жағымды психологиялық атмосфера жасалғаны жөн.Сондай – ақ оқушылардың өзара қарым – қатынасын да 
ескеру қажет.Сонда ғана олар қазақша кез келген материалды бар ынта – жігерімен, ықыласымен тыңдайтын, айтатын, оқитын 
болады.Және оқушылардыңжетістігін әрдайым баса айтып, олардың бойына өзіне сенімділік, жігерлілік ұрығын сеуіп отыру өте тиімді.
Тілдесім тек ауызша түрде ғана емес, оқылым арқылы да жүзеге асады.Сондықтан оқушы мәтінді оқыған кезде оның негізгі назарын 
мәтіннің мағыналық, мәнді жағын аудару керек.Ол үшін сол мәтін бойынша қатысымдық бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған 
дұрыс.Мұнда қрнекпен былай кӛрсетілген; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет