Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бӛлек процесс деген кӛзқарастарды қатты сынға алды.Ең алғаш рет бала 
дамуының тӛмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің кӛмегі арқылы атқара алатын істері. 
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің кӛмегінсіз істей алатын істері. 
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен ӛзара қызметтесе 
отырып, оны игерген кезде дамуға ӛріс ашылады. И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып
адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті 
жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, 
демек даму деңгейі де жоғары болады. 
Л.В.Занков
ақыл-ой қызметінің тӛмендегідей кӛрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, ӛз ойын еркін 
жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. 
В.В.Давыдов
ақыл-ойдың дамуының кӛрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. 
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге кӛтерілуі 
дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі 
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой 
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.Оқушының шығармашылық қабілеті 
де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы 
ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы 
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің кӛзін ашып, 
шығармашылығын дамытады. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған 
(Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын 
зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған 
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент 
жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады. 
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта 
оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.Оқыту арқылы 
баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық ӛзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты 
мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, ӛз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға 


дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға 
соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы ӛзін-ӛзі ӛзгертуші субъект дәрежесіне кӛтерілуі 
кӛзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. 
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде 
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға 
қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген кӛзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи 
қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге кӛтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал 
дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді [3, 24б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет