Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Дамыта оқыту технологиясының теориясы



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары пәнінен дәріс

2 Дамыта оқыту технологиясының теориясы 
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолдану 
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің ӛзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының ӛзгеруімен қатар 
жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға ӛзін-ӛзі ӛзектелендіруге, ӛзін толытуға және ӛзін-ӛзі жүзеге 
асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Рене Декарттың трактатында: «Ӛзін-ӛзі тану жолындағы еңбек - ең 
құнды еңбек», деп кӛрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы 
дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту 
технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б. мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың 
технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 тарауының 11 бабында осылай айтылған: 
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға 
және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының ӛзгеріп 
отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу 
және тиімді пайдалану; 
Сондай - ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бӛлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, 
дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп 
жазылған. 
Осыған сүйеніп, ӛз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру 
мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-ӛрісін жетілдіру, тілдерін 
дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарылатудың оңтайлы жолдарын табуды кӛздедім. Қазіргі кездегі кеңінен 


қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста 
барынша кӛрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді. 
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, ӛнегелі-
әдепті кӛзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық 
үрдісі.Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар: 
1.
екі жақты сипаты; 
2.
оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті; 
3.
оқыту жағынан басқаруы; 
4.
арнайы жоспарланған ұйымдастыру мен басқару; 
5.
бүтіндік пен бірлік; 
6.
оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. 
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мӛлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы 
сӛздікте «... мӛлшерлік ӛзгерістердің белгілі бір ӛлшем шегінен шығып, сапалық ӛзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.«Даму» ұғымының 
психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның ӛмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары 
сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, ӛзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге ӛтіп отырады. Оқыту мен дамыту 
арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі 
зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рӛлін, алар орнын анықтаған кӛрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше 
оқу мен даму екі бӛлек процесс деген кӛзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының тӛмендегідей екі аймағы болатындығы 
жайлы теория ұсынды. 
1.
Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің кӛмегі арқылы атқара алатын істері. 
2.
Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің кӛмегінсіз істей алатын істері [1,146 б.]. 
Мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талап сабақта оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелеу және дамытушы қызметтерін жүзеге 
асыру болып табылады.Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады.Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - 
сабақтың білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасау. 
Әр сабақ оқытудың ғылымилық, жүйелілік, мүмкіндік, саналылық және белсенділік принциптері оқушылардың жекелей 
ерекшеліктеріне сай білімді тиянақты меңгерту негізінде құрылады. 
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болсa, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық 
сапасын дамытуы мүмкін.Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады. 
Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисынды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі «стартты» тапсырмамен 
анықталады. 
Оқушылардың ӛздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуекелді екенін тәжірибе 
кӛрсетеді.Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның ӛзінің тәжірибесінің, немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз 
алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз. 


Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар: 

Тапсырмалар оқу бағдарламасында кӛрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе обьектісіне қатысты 
болуға тиіс; 

Тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек. 

Тапсырманың тұжырымдамасын оқушылар үшін де , мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек. 
Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы ӛзінің түсінігінен алшақ болу қиын 
болады.Оқушылардың ӛзіндік жауаптарын сезіну – ашық тапсырма сапасының маңызды субьективті белгісі. Мысалы, «ғарыш дегеніміз не 
екенін қысқаша жаз» тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындайды: «Ғарыш – бұл шексіздік». Оны орындау кезінде баланың 
ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес. «Оқыту әдісі» дидактикалық ұғымына жүргізілген 
талдаулар бұл категорияның педагогикалық ғылым үшін маңыздылығын кӛрсетті, кӛптеген әдістерге, пікірталастарға қарамастан , ол әлі 
жеткілікті зерттелмеген болып қала береді.Мүмкін болмауына байланысты оқыту әдістерінің бірыңғай әмбебап классификациясы жоқ, оның 
болуы бай, кӛпжақты оқу-педагогикалық қызметі логикалық схеманың шеңберіне қоюды білдірген болар еді. Соңғы онжылдықта 
педагогика ғылымына таныс, оқытудың білім беру, даму және тәрбиелік қызметтерінің ӛзара байланысын қамтамасыз ете алатын оӛыту 
әдістерінің жаңаларын іздестіру, кӛнелерін жаңғырту зор мәнге ие болды. Дүниеге келген оқытудың жаңа әдістерінің кӛбіне психлогиялық 
педагогикалық негізі жоқ, оларды классификациялау қиын, дегенмен, оларды оӛыту процесінде пайдалану оқушыларға сенімді табыс 
әкеледі.Мысал ретінде осы әдістердің кейбіреуін қарастырайық. Қазіргі уақытта іскерлік ойындар кеңінен тарауда.Іскерлік ойындар- 
шындыққа жақын жағдайлар қайталанатын жағдайларды таңдау және шешім қабылдауды жасау.Онда оларға жаңа қызметтерді пайымдауға 
және игеруге мүмкіндік беретін қатысушылардың рӛлі қарастырылады. Іскерлік ойындардың айрықша белгілеріне: ойынды шынайы 
процесті модельдің кӛмегімен елестету; қатысушылардың арасында рӛлдерді бӛлісу, олардың бір-бірімен ӛзара әрекеті; ойынға 
қатысушылар кӛзқарастарының ӛзгешеліктері мен келіспеушілік жағдайлардың туындауы; бүкіл ұжымның ортақ ойын мақсатының болуы; 
қызмет тізбегін жүзеге асыру; 
Іскерлік ойынның сенімді жетістігі оның қалыптасуға, оның ішінде кәсіби білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруға ықпал ете 
отырып, теория мен практиканы біріктіруінде.Ойындар оң эмоциялармен ӛткізілгендіктен оқытылатын пәнге қызығушылықты арттырады. 
В.А.Ситаров оларды тӛмендегіше бӛледі: 
1.
«Мимен шабуылдау», «білгірлер клубы» , тақырыптық кӛңіл кӛтеру ойындар түріндегі бой жазу ойындары.Олардың 
міндеттері қатысуышылардың қызығушылығы мен пайымдауларын босаңсыту, ойындық және ұжымдық мотивацияны жеделдету, 
оқытылатын материалдарға стандартты емес әдіске бағыттау. 
2.
Ситуативтік рӛлдік ойындар.Ӛзіне нақты жағдайларды және оларды рӛлдік ойнауға талдау жасауды жинақтайды. 
3.
Конструктивті рӛлдік, проблемалық рӛлдік, пкірталастық ойындар.Оларды іскерлік рӛлдерді қабылдау және тиімді орындау 
дағдысын қалыптастыру, ӛзара әсер ету және бірлікке, продуктивті жұмыс әстеуге, ұжымдық шешімдерін дайындауға қатысуға оқыту 
мақсатында пайналанады. 


1.Шығармашылық 
ойындар.Бұл 
техникалық, 
кӛркемдік 
және 
зерттеуләк 
жобаларды 
жасаудағы 
ұжымдық 
шығармашылық.Оқушыларды бұл ойынға қатыстыру шығармашылық мүмкіндігін дамытуға, бастамашылыққа, батылдыққа, табандылыққа, 
жауапкершілікке тәрбиелеуге жағдай жасайды [ 2, 64 б.]. 
Іскерлік ойындардың басқа да басқару, зерттеу, оқулық сияқты классификациялары бар. 
Оқу процесінде қолданылатын ойындар тӛмендегі қызметтерді атқарады: 

Оқыту (есте сақтауды , назарын, жалпы оқуу білігін және дағдысын, әр түрлі ақпараттарды қабылдау); 

Бой жазу (сабақта қолайлы атмосфера жасау); 

Коммуникативтік (оқушыларды біріктіру, олардың арасында эмоционалдық қатынас орнату); 

Релаксациялық (жеделдетіп оқыту негізінде нерв жүйесін жүктемелеуден пайда болған эмоционалдық шалдығуды түсіру); 

Психотехникалық (тиімдірек қызмет үшін ӛзінің физикалық жағдайын дайындау, қалыптастыру, ақпаратты кӛп кӛлемде игеру 
үшін кӛңіл күйін қайта құру) [3,56 б.]. 
Соңғы онжылдықта педагогика ғылымында еркін, шығармашыл ізденіске кӛптеген шектеулер алынып тасталды.Осының негізінде 
оқыту әдістерін де қамтитып, тиімді педагогикалық қызметтердің авторлық тұжырымдамалары пайда болды. 
Тиімді оқытуда американ оқушылары А.Эллис, Д.Фоутс ұсынған тереңдету әдістері қолданылады.Бұл әдіс конструктивизм деп 
аталатын таным теориясына тереңдеп енді.Оның негізгі идеясы барлық білім таным субьектісінен құрылады және сондықтан да жеке 
құбылыс болып табылады. 
Тереңдету әдісі тӛмендегідей негізгі жағдайлар құрылған: 
1.
Оқушылар ӛз білімдерін ӛздері бақылайды, соған орай оқытушылар оқушыларға бұрын игерген білімдерін пайдалануға 
мүмкіндік жасауы керек және ӛзінің оқыту процесінде белсенді рӛл атқаруы тиіс. 
2.
Білімді болу оқушылардың ӛздерінің қызығушылығының салдары болуы керек, сондықтан оқушылар үшін материалдарды 
ӛздері таңдайды және ӛздерін қызықтыратын тақырыптарға шығарма жазады. 
3.
Оқу дегеніміз түсіну, яғни оқылған мәтіннің мәнін ашу. Оны иерархиялық реттілікте орналасқан жекелей дағдылармен 
сәйкестендіруге болмайды. 
4.
Жаза білудің басты мақсаты – ақпаратты жеткізу.Оқытушылар оқушылардың шығарма жазуға тақырыпты ӛздері таңдауына 
мүмкіндік береді, олардың ӛз ойларын айтуға талпынысын қуаттайды және аудиторияны оқушының шығармасын тыңдауға дайындайды. 
5.
Сауатты меңгеру табиғи процесс.Пікір және кӛзқарас алмасу оқушылардың ӛз білімдерін қалыптастыру процесінде қосқан 
елеулі үлес болып табылады.Педагогтар балаларды жазу және оқу процестерінде ӛзара ықпал етуге үйретеді. 
6.
Тәуекелге бару және қателік жасау оқу және жазуды жетілдіруге қажетті жағдай. «Қателіктің» әр түрлі деңгейін басынан 
ӛткере отырып, балалар ӛздерінің жазу тілінің тұтастай жүйесін қалыптастырады, ал оқытушылар оқушылардың дербестігін, ӛзінше 
ұйымдастыру дағдысын және ӛз қателіктеріне оқытудың қажетті бӛлігі ретінде қарауын кӛтермелейді [4,39 б. ]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет