Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Дамыта оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
 
2.2 Дамыта оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер
 


Эвристикалық әдістер – ол мұғалімдер қызметінің (сабақ беру әдістері) және оқушы қызметтерінің (оқу әдістері) шығармашыл 
міндеттерді шешудегі оқушы қызметінің интуитивтік процедурасын дамты мақсатында педагогикалық басқару және ӛзін ӛзі басқару 
принциптері мен заңдылықтарын ескере отырып дайындалған эвристикалық ережелер жүйесі. 
Оқытудың тәсілдері мен әдістерінің сократтық деп аталатын бұл тобы практикада әрбір классификациясында 
кездеседі.Я.А.Коменский мұғалімдерді ӛздерінің оқушыларын «олар бақылау мен түсінікті түсініп қана қоймай, пәндердің ӛзін зерттеулері 
және танулары керек» тұрғысында оқытуға шақырды.Сократтық әдіс пен эвристика элементтерін қолдануды біз орыс педагогі 
К.Д.Ушинскийден, неміс педагогі А.Дистервегадан кездестіреміз. 
П.Ф.Каптерев ӛсіп келе жатқан буынға білім берудің үш формасын бӛліп кӛрсетеді: догматикалық, аналитикалық және 
генетикалық.Соңғы формада сократтық және эвристикалық болып бӛлінеді. 
Педагогтар эвристикалық әдістердің негізгі екі сипаттамасын атап кӛрсетеді: дұрыс шешуге «бағыттаушы» қызмет және міндеттерді 
шешудің мүмкін жолдарын таңдау нұсқасын «қысқарту» қызметі. 
Осындай түрдегі эвристикалық әдістерді эвристика деп атайды, оларды әр түрлі әдістемелік міндеттерді шешуде табысты 
пайдаланады.
Репродуктивті және эвристикалық сұхбаттарды салыстыру 
Кӛрсеткіштер 
Репродуктивті сұхбат 
Эвристикалық сұхбат 
Мақсаты 
Оқушылардың білімін мойындау 
және тексеру; жаңа материалды оқуға 
қажетті білімді ӛзектендіру. 
Оқушылардың қабылдауын, 
ойлауын, белсенділігін дамыту. 
Мәні 
Мұғалім мен оқушының сұрақ 
жауап түріндегі ӛзара қарым қатынас 
Мұғалім мен оқушының сұрақ 
жауап түріндегі ӛзара қарым қатынасы 
Мұғалімнің қызметі 
Репродуктивті сұрақтар жүйесін 
құру; сұхбат барысына басшылық жасау. 
Репродуктивті және проблемалық 
сұрақтардың жүйесін құру, сұхбат 
барысына басшылық жасау. 
Оқушының қызметі 
Білімді актуализациялау, 
пікірталастарға қатысу. 
Жаңа білімді ӛз бетінше іздестіру, ӛз 
кӛзқарасын негіздеу. 
Қолдану мүмкіндігі 
Практикада үнемі 
Базалық білім және жеткілікті 
жоғары деңгейдегі сынып белсенделігі 
болған жағдайда. 
Артықшылығы 
Зейінін белсенді ету, кері байланыс 
орнату, білімді меңгеру деңгейін тексеру. 
Оқушының зейінін, қабылдауын, 
ойлауын, қызығушылығын тарту жіне 
жинақтау. 
Кемшілігі мен қиындықтары 
Сыныптың барлық оқушыларын 
Алынатын білімнің үздіктілігі, 


сұхбатқа қатыстыруға болмайды. 
оқушының жекелігін есепке алу 
мүмкіндігінің болмауы. 
Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту 
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, 
ой ӛрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін ӛсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін 
маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі 
бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының ӛз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі [2,74 б.]. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы 
мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. 
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мӛлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы 
сӛздікте «... мӛлшерлік ӛзгерістердің белгілі бір ӛлшем шегінен шығып, сапалық ӛзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі. «Даму» 
ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның ӛмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен 
дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені 
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рӛлін, алар орнын анықтаған кӛрнекті психолог Л.С Выгодский. 
И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді 
шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты 
күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. 
Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің тӛмендегідей кӛрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, ӛз ойын еркін 
жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының кӛрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу 
дағдысын есептейді. 
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге кӛтерілуі 
дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды. 
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана 
емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу 
процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана 
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы 
ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы 
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің кӛзін ашып, 
шығармашылығын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет