Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз


Қазақ тілі тарихын зерттеудің жаңа үрдісі



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата06.04.2017
өлшемі2,18 Mb.
#11188
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

Қазақ тілі тарихын зерттеудің жаңа үрдісі

Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жалпытүркілік  қабаттың,  лексикалық 

қордың  өзегін  құрап,  өз  бойында  тілдің  сан  ғасырлық  тарихи 

даму  жолын  сақтап,  тұтынушы  халықтың  материалдық-рухани 

мəдениетін  бейнелейтін  түбір  жəне  тарихи  туынды  сөздердің 

түпнегізін  анықтау  бірқатар  түркітанушы  ғалымдардың  назарын 

аударғаны  белгілі.  Осымен  байланысты  түркітануда  жəне  қазақ 

тіл білімінде проф. Қ. Жұбановтан бастау алған олардың ата түркі 

дəуіріндегі  жалпытүркілік  ежелгі  түрін  салыстырмалы-тарихи 

негізде жаңғырту арқылы байырғы қалпына келтіруге бағытталған 

талай зерттеулер жүргізілді. 

Солардың  қатарында  қазақ  тілі  деректері  негізінде  тікелей 

түбір мəселесін тарихи-динамикалық категория ретінде зерттеген 

көшбасшы ғалымдардың бірі – профессор М. Томанов. 

Осымен  байланысты  ғалымның  мұрасына  талдау  жасауды, 

мазмұндық сипаттаудан гөрі артық деп санаймыз. Бүгінгі əңгіме-

нің  маңыздылығы – профессор  М.  Томановтың  зерттеулерінің 

қазақ тілі тарихын ұлт болмысымен сабақтас қарастыратын қазіргі 

тіл білімінің жаңа бағыттары мен нəтижелерінің үрдісіндегі жал-

ғастығын көрсету.

Ең  алдымен,  проф.  М.  Томанов  зерттеулерінің  ерекшелігі – 

жалпы түркілік маңызы бар мəселенің жеке бір түркі тілінің (қазақ 

тілінің)  нақты  тілдік  деректерін  жүйелі-құрылымдық  талдау  не-

гізінде қарастыруы.

Өзінің  артында  қолжазба  ретінде  қалып,  кейін  жарық  көрген 

(1992 ж.) «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» ғалым: 

«Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің 

өзіндік ерекшелігі жайлы айтпас бұрын олардың бəріне тəн ортақ 

заңдылықтар  қандай  дейтін  мəселеге  тоқтау  орынды»  деп  бас-

тайды да [213, 7], түркі тілдерінің негізгі жүйелік ерекшеліктеріне 

(фонетикалық  жүйе,  морфологиялық  құрылыс,  лексикалық  қор, 

синтаксистік  құрылыс)  тоқталады.  Соның  ішінде  тілдің  даму 

үрдісіндегі тарихи өзгерістердің ықпалымен түбір құрылымының 

көнеруін анықтауда фонетикалық заңдылықтардың мəнін ерекше 

атап көрсеткені белгілі [214, 100].

Ғалым байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құ-

рылымы туралы Э. Севортянның, Ə. Қайдардың, т.б. түркітанушы 


143

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

ғалымдардың  ізденістерін  жалғастырып,  қазақ  тіліне  қатысты 

нақты тілдік деректермен дəйектейді. 

Түбірдің бір буындығына қатысты ғалымдардың сүйенер тіре-

гі – түркі тілдеріндегі түбірдің құрылымының тұрақсыздық (диф-

фузность)  сипаты.  Осыған  орай  моносиллабтардың  құрылымы 

фоно-морфо-семантикалық корреляция негізінде қатар зерттеліп, 

соның нəтижесінде түркі түбірінің ең кең тараған түрі үш дыбыс-

ты  түбірдің  басындағы  (анлауты)  да,  соңғы  дыбысының  (аус-

лауты)  да  өзгермелі  екендігі  оның  тұрақсыздығын  тудыратыны 

Э.  Севортян,  А.Н.  Кононов,  Ə.  Қайдаров,  Е.  Қажыбеков,  М.  То-

манов  еңбектерінде  дəлелденгені  белгілі.  Нақты  айтқанда,  про-

фессор  М.  Томановтың  жылысу,  кірігу,  фузия,  т.б.  құрылымдық 

өзгерістер мен модификацияға қатысты қазақ тілінің нақты тілдік 

деректерін  талдаулары  мен  қазақ  тілінің  тарихи-фонетикалық, 

фонологиялық  жүйесінің  қалыптасуы  туралы  пікірлерінің  құн-

дылығы моносиллабтық жəне көптеген дисиллабтық түбір құры-

лымының табиғатын жалғамалылық, сөзжасамдық үдерісімен қа-

тар қарауында. 

Осымен байланысты М. Томановтың зерттеулерінде түбір мор-

фемалардың қалыптасуына қатысты көрсетілген көптеген күрделі 

мəселелердің  күрмеуін  шешудің  тетігі  тек  тілдік  жүйенің  бір 

деңгейі  негізінде  ашылмайтынын  қазіргі  кешенді  тіл  білімінің 

сипаты көрсетіп отыр. Атап айтқанда, қалыптасқан ғылыми көз-

қарастар  тұрғысынан  тарихи  фонетикалық  заңдылықтар  ретінде 

түсіндіріліп  келген  морфемалық  құрылымда  кездесетін  ығысу, 

жылысу, т.б. құбылыстардың ерекшелігі мен сырлары қазіргі тіл 

білімінде морфология мен фонетика тоғысында қалыптасқан мор-

фонологияда қарастырылады [215].

Бұл  мəселе  қазіргі  тілді  зерттеу  деңгейінің  функционалдық 

сипатына  сай  жаңа  типологиялық  сапада  өзектеліп  отыр.  Осы 

тұрғыдан бағамдап қарасақ, қазақ тіл біліміндегі түбір құрылымына 

қатысты  ғылыми  болжамдардың  жаңаша  сипатын  профессор 

Б. Сағындықұлы, профессор А. Салқынбай еңбектерінен көруге бо-

лады. Осыған орай ішкі флексия, архисема, идеофон, силлабофо-

нема,  т.б.  ұғымдардың  өзектелуі  түбір  құрылымын  жаңғыртуда 

тиімді сипатқа ие болуда [216].

Осы  орайда  шартты  түрде  «өлі  түбірлер»  деп  аталып  жүрген 

тарихи туынды түбірлерді сөзжасам өрісінің өзегі мен периферия-



144

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

сының  арасында  тұрған  тілдік  бірлікті  реликтілік  түбір  морфе-



ма  деп  қарайтын  Н.И.  Букетованың  зерттеуін  де  Б.  Юнусалиев, 

Ə.  Қайдар,  М.  Томановтың  түбірді  динамикалық  жүйе  деп  бол-

жаған  идеясының  жаңа  ғылыми  деңгейдегі  дəйегі  деп  қараған 

жөн [217].

Тəуелсіз  Қазақстан  кезеңінде  таным  көкжиегін  кеңейтіп  келе 

жатқан  өрелі  өріс-руханияттың  көне  дəуірлердегі  негіздері  жəне 

ұлттық сана мен болмыстың күретамырлары іспетті тарихи тілдік 

деректерді  зерттеудің  кешенді  де  терең  тану  үрдісі  Ғ.  Айдаров, 

Ə. Құрышжанов, М. Томанов сияқты ғалымдардың еңбектерінен 

бастау  алғаны  айқындалып  отыр.  Қазіргі  таңда  ежелгі  түркі  дү-

ниесін  танытатын  көне  түркі  ескерткіштерінің  мазмұны  мен 

мəтіндеріндегі  көркем  ойлау  жүйесі  бүгінде  іштей  қайта  түлеп, 

жаңғырып жатқан түркі халықтарының бірі қазақ елінің рухани-

əлеуметтік жəне тілдік қазынасының тарихнамасы іспетті антро-

поөзектік аспектіде танылуда.

Жоғарыда атап көрсетілген кейінгі буын зерттеушілерінің өкі-

лі М. Ескееваның: «Жалпы түркілік тектілден (протоязык) өрбіп, 

өзара  тоғысу,  қайта  ыдырау  тəрізді  тілдік  үдерістерді  бірнеше 

мəрте  басынан  өткізген,  өзіндік  ерекшеліктермен,  бітім-болмы-

сымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де, 

жалпы  түркілік  табиғатын  сақтап  келе  жатқан,  қазіргі  түркі  тіл-

дерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анық-

тауға  арқау  болып  отырған  құнды  тілдік  дерек VII–IX ғасыр-

лардан  жеткен  көне  түркі  ескерткіштерінің  тілі» [218] деген  тұ-

жырымын  түбіртануға  қатысты  ғылыми  сабақтастықтың  жаңа 

деңгейі  деп  санаймыз.  Нақты  айтқанда,  жас  ғалымның  Орхон, 

Енисей, Талас ескерткіштерінің тіліндегі моносиллабтарды қазір-

гі  қыпшақ  тілдеріндегі  нұсқаларымен  салыстыра  отырып,  сабақ-

тастығын фонокорреляттар негізінде қарастырған зерттеуі түбір-

тану деңгейін ғылыми да, деректік те тұрғыдан дəйектелген жаңа 

сапаға көтерді. 

Кезінде  М.  Томанов  сынды  ғалымдардың  қазақ  тіл  білімінде 

арнайы  дереккөзі  ретінде  пайдаланған  көнетүркілік  жəдігерлер-

дің  де  түркі  жұртының  ұлттық  мəдени,  тарихи-əлеуметтік  негіз-

дегі  тұтастығын  бейнелейтін  тілдік  мұра  ретінде  жаңа  ғылыми 

парадигмада  қарастырыла  бастағанын  да  ғылыми  жалғастықтың 

жаңа  деңгейі  деп  бағалаған  жөн.  Атап  айтқанда,  Н.Г.  Шаймер-


145

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

динованың  «Репрезентация  в  языке  древнетюркской  картины 

мира»  атты  еңбегінде  ежелгі  түркілердің  санасы  бейнеленген 

тілдік деректерді когнитивтік жүйеде қарау ескерткіштер тіліндегі 

түбірлердің се-мантикалық құрылымын жаңғыртуда мəні ерекше 

екендігі нақты дəлелденеді [219].

Осы ретте тілдің таным құралы ретіндегі (қарым-қатынас құ-

ралы ғана емес) жəне құжаттық-мұрагерлік қызметін дəйектейтін 

көне тілдік деректердің лингвомəдени аспектіде қаралуы – соның 

нақты айғағы [220]. Белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі тілдік қолда-

ныс  аясын  архетиптік  ұлт  мəдениетімен  сабақтастыру  бағзы  за-

мандардан бастау алып, халық санасына сіңіп, жадында жатталған 

көне сөздердің тарихи сырын тіл тұтынушының іс-əрекетімен бай-

ланысты. Бұл жайт тіл тарихының ұлт тарихынан ұзақ екенін не-

гіздейді. 

Профессор  М.  Томановтың  ареалдық  лингвистика  тұрғысы-

нан  жасаған  талдауларының  кешенді  де  нақты  деректік  зерттеу 

жалғасын  башқұрт  ғалымы  А.  Шайхуловтың  түркі  тілдеріндегі 

түбіртану  мəселесіне  қатысты  жаңа  теориялық-танымдық  бағдар 

еңбегінен көруге болады [221]. Ғалым түбір табиғатын зерттеу ба-

рысында теориялық-танымдық бағытты да ұстанып, имманенттік 

талдауды  когнитологиялық  талдаумен  біртұтастықта  қолданады. 

Ол  қыпшақ  тобына  жататын  татар,  башқұрт,  қарақалпақ  тілдері 

мен  туыстас  чуваш,  моңғол,  тұңғыс-маньчжур  тілдері  деректері 

негізінде  ғалам  бейнесінің  ортақ  құрылымдық-семантикалық 

өзегін  түбірлік  деңгейде  ажыратуға  болатынын  идеографиялық 

парадигма негізінде дəлелдеуге тырысады.

Біздің  ойымызша,  соның  негізінде  жаңғыртылған  моноси-

лабтардың семантикалық даму ерекшеліктері, ономасиологиялық 

қасиеттері,  идеографиялық  сипаты  «жалпыалтайлық»  ортақтық-

тың болжауларын дəйектей түсетін зерттеу үрдісін сипаттайды.

Ұстаз тəлімін көрген жəне түбір теориясын динамикалық тұр-

ғыдан анықтауға үлес қосқан ғалым мұрасын терең зерделеу ба-

рысында  біз  де: «Түбір  онтологиялық  деңгейдегі  бірлік  ретінде 

үнемі  өзгерістерге  ұшырап  отырады,  соның  нəтижесінде  белгілі 

бір хронологиялық деңгейдегі түбірдің жалғыз ғана моделінің ата-

тілде қолданылу мүмкіндігін жояды. Бұдан шығатын қорытынды: 

түркітануда  анықталған  түбір  құрылымдарының (CV, VC, CVC 

жəне  т.б.)  əртүрлі  хронологиялық  деңгейі  тек  бір  ғана  модельге 

негізделмейді» деген жорамал ұсындық [222, 6].



146

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Бұл  модельдердің  біреулері  тұлғалық,  мағыналық  белгілерін 

сол  күйінде  сақтаса,  енді  біреулері  тұлғасын  сақтап,  мағыналық 

өзгерістерге  ұшыраған  немесе  мағынасын  өзгертпей,  тұлғалық 

ауытқуларға ұшыраған. Мұндай құбылыстардың қалыптасуының 

интралингвистикалық,  экстралингвистикалық  жүйелі  себептерін 

құрылымдық тіл ғылымындағы заңдылықтың аясында анықтауға 

келмейді.  Алғашқы  моносиллабтардың  СV  моделінің  бірнеше 

нұсқалары болғанымен, одан кейінгі лингвоэволюциялық үдерісте 

ортақ  идея  мен  дефинициялық  белгілердің  негізінде  оның  жаңа 

морфо-семантикалық  тұлғасы  қалыптасады.  Сондықтан V жəне 

СV модельді түбірлес моносиллабтарды бір ғана тұлғада жаңғыр-

ту  (реконструкциялау)  нəтиже  бермейді.  Себебі  олардың  архи-

тұлғасы мен архисемасы кешенді сипатты бейнелейді. Ал келесі 

тарихи  даму  кезеңінде  бұл  моносиллабтардың  VС, VСС,  СVС, 

СVСС модельдерінде нақтылау үрдісі байқалады.

Жоғарыда көрсетілген профессор М.Томановтың құнды ғылы-

ми  тұжырымдарының  қазіргі  тіл  біліміндегі  зерттеулерде  жалға-

суы,  біріншіден,  бүгінгі  ұлттық  сананы  тіл  арқылы  жаңғыртуға 

ерекше  мəн  беріліп  жатқан  антропоөзектік  бағытымен  байла-

нысты.  Екіншіден,  қазіргі  тіл  ғылымы  көкжиегінің  қағидасы  ке-

лесі ұрпақтың ана тілдің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құді-

реті  негізінде  ұлт  болмысының  тілде  бейнеленген  түп  тамырла-

рын танып білудің кепілі екендігінде. Ал профессор М. Томанов 

тектес  ғалымдардың,  ұстаздардың  көрегендігі  осы  бастаулардың 

көзін  ұлттық  болмысты  бейнелейтін  тарихи-ақпараттық  мазмұн-

дағы көне тілдік, диалектілік, ауызекі сөйлеу тілі, фольклор, т.б. 

деректер  бойынша  іздеп,  соның  нəтижесі  ретіндегі  ғылыми  бол-

жамдары  мен  тұжырымдарының  ежелгі  заманнан  күні  бүгінге 

дейін ұласқан тарихи-рухани даму барысының үзілмес желісі іс-

петті бүгінгі күнмен сабақтасуында. 

Профессор Б. Сағындықұлы зерттеулеріндегі 

қазақ тілі лексикасының архетиптік құрылымынан 

түбірді жаңғырту (реконструкциялау) бағыттары

Тіл бірліктерін танымдық тұрғыдан зерделеу мəселесін арқау 

еткен тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптаса бастауы ішкі 

мазмұн мен мағынаны ерекше назарға алуда. Нақты айтқанда, бұл 

сабақтастық  гомогенді  түбірлер  мен  түбір-негіздердің  тұлғасын 


147

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

олардың ішкі мазмұнымен, яғни архитұлға мен архисеманың линг-

вогенездік  негізін  сипаттайтын  онтологиялық  қалпымен,  бейне-

сімен біртұтастықта көрінеді.

Осының  негізінде  қалпына  келтірілетін  лексикалық  бірліктер 

тек  табиғи-генеологиялық  сабақтастықты  ғана  көрсетіп  қоймай, 

жалпытүркілік  рухтың  биіктігін,  жалпытүркілік  тілдік  сананың 

беріктігін  де  дəлелдейді.  Түркілік  ұлттың  мəдени  болмысын,  та-

рихи-əлеуметтік  сипатын  танытуға  қызмет  ететін  жалпытүркілік 

танымды  жаңғыртып,  түркі  жұрты  арасындағы  рухани  үйлесім-

ділік пен тарихи тұтастықты сақтаудың негізі ретінде танылады.

Ал кез келген тілдің лексикалық жүйесінің даму жолын, эти-

мологиялық  негіздерін  анықтап,  жаңғырту,  ең  алдымен,  түбір 

құрылымын айқындап алуға сүйенеді. Бұл проблема бойынша ал-

таистика  мен  түркітануда  моносиллабтық  жəне  дисиллабтық  екі 

бағыт  қалыптасқаны  белгілі.  Осы  орайда  қазіргі  түркі  тілдерінің 

деректері  негізінде  морфемалық,  компоненттік,  семантикалық, 

модельдеу жүйесі, т.б. əдістер арқылы дисиллабтар мен полисил-

лабтардың құрамындағы алғашқы буынды бастапқы тұлға ретінде 

қарауға теориялық негіз бар.

Соның  ішінде  ежелгі  түбірлермен  қосымшаларды  байырғы 

қалпына  келтіруді  мақсат  еткен  профессор  Б.  Сағындықұлының 

зерттеулері («Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық не-

гіздері», 2005) реконструкцияланатын деректердің сандық көлемі 

мен сапасын былай қойғанда, зерттеу əдіс-тəсілдерімен де ерекше-

ленеді  (мысалы,  компоненттік  əдіс  барысында  қолданылған  ма-

тематикалық  əдіс).  Соның  нəтижесінде  түркі  тілдері  дамуының 

тарихында  жалғамалылыққа  дейін  флексиялық  құрылым  дəуірін 

бастан кешкенін дəлелдейді. Əрине, ішкі флексия қалдықтарының 

бірбуынды түбірлер көлемінде қазіргі тілде де кейбір көріністері 

бар  екенін  көптеген  ғалымдар  байқаған.  Мысалы,  Қ.  Жұбанов, 

С. Аманжолов, т.б. 

Профессор  Б.  Сағындықұлы  жоғарыда  көрсетілген  еңбегінде 

қазақ  тілі  аясы  мен  түркітілдері  континуумындағы  нақты  тілдік 

салыстырулар  мен  талдаулар  негізінде  флексиялық  құрылымның 

басты  ерекшелігі – түбірлердің  бір  ғана  дауысты  мен  бір  ғана 

дауыссыздан  жасалған  силлабофонемалардан  тұратынын  дəйек-

теуге  тырысады.  Атап  айтқанда: «Бірнеше  силлабофонема  өзара 



148

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

омонимдес  болғандықтан,  силлабофонеманың  құрамындағы  да-

уысты да, дауыссыз да қытай тіліндегідей əртүрлі сапада айтылған. 

Белгілі бір дауысты дыбыстың дауыссыз дыбыстың алдында, яки 

соңында  келуі,  түсіріліп  айтылуы  тағы  басқа  комбинациялық 

өзгерістері ұғым, түсінікті жеткізуде шешуші роль атқарған. Қай 

дыбысқа қаншалықты акцент берілуін ішкі флексия реттеп отыр-

ған», – деген тұжырымға келеді.

Монографиялық  зерттеуінің  жалғасы  ретіндегі  ғылыми  мақа-

ласында  автор  силлабофонемаларды  түбіртек  деп  атауды  ұсы-

нады  да,  кез  келген  сөзде  қанша  дауыссыз  дыбыс  болса,  сонша 

түбіртек болатынын атап көрсетеді.

Сонымен,  үнемі  даму  үстінде  болатын  тілдік  жүйенің  өзгер-

мелі,  икемді  табиғатына  сəйкес  оның  тіл  тұтынушының  руха-

ни-функционалдық  арқауын  құрайтын  моносиллабтық  құрылы-

мының  даму  бағыты  оның  құрамындағы  фонокорреляттардың 

өзара  сəйкестік  түзу  мүмкіндігімен,  таралым  аясымен,  фономор-

фологиялық,  фоносемантикалық,  идеофондық,  идеосегменттік 

қырларымен  сипатталады.  Олай  болса,  зерттеуші  келтірген  мы-

салдарындағы і/а, аt/аd, аs/ас/аz* аz=*, аj/аg/ау сияқты гомогенді 

моносиллабтар  тізбегінде  топтасуы  мүмкін.  Яғни,  профессор 

Б.  Сағындықұлы  «жылқы», «есім»  мəнін  беретін  аt  моносилла-

бын  да  it/at  етістіктерімен  сабақтастыра  қарастырып,  аt  етістігі-

нің  қозғалысқа,  қозғалыстың  ырықсыздығына,  қозғалыстың  ба-

рынша  жылдам,  шалт  өтуіне;  қозғалыс  нəтижесі  ажырауға,  бө-

лінуге əкелуіне, т.б. семаларын көрсетуі аt/іt етістіктерінің жалпы 

мазмұнына негізделеді. Қазақ тіліндегі ös~ön~ör<өрле, өрбі, өнім, 

өрші, өркенде сияқты моносиллабтардың ортақ мазмұны мен тұр-

патындағы  ұқсастықтарын  кездейсоқ  құбылыс  деуге  келмейді. 

Осы  арада  ортақ  мазмұнды  арқалап  тұрған  ö  дауыстысы  екені 

аңғарылады. «Даму», «жетілу», «көбею», «пайда  болу»  идеясы 



ur (ұрпақ, ру, ұрғашы) сақталған. Профессор Б. Сағындықұлы ör-

*ur  тұлғаларын  гомогенді  моносиллабтар  ретінде  қарастырады. 

Себебі *ur тұлғасының жалпы мазмұны xür (үрім-бұтақ, үрпі), *ау/



uу<оуul, ит (Ұмай) *u1 (ұлы, ұлғаю, ұласу) *u1 (үлкен) жалғасады.

Қорыта айтқанда, түбір құрылымының архетипі тек бір типте 

ғана қалыптасқан деп қарауға болмайды. Сондықтан түркі тілдері 

лексикалық  қорының  негізін  қалайтын  бірбуынды  түбірлер  мен 

түбір-негіздердің белгілі бір дəрежеде тұрақтылығын өзгертуге де 


149

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

бейімділігін  зерттелуші  тілдердің  моносиллабтар  құрамындағы 

фонокорреляттар  айқындайды,  өзгермелі,  икемді  сапаға  ие  бола-

ды, ықшамдайды.

Осы  заңдылықты  ашу,  реконструкция  жасауда,  автордың  өзі 

монографиясының кіріспесінде көрсеткендей, «дəстүрлі сүрлеуге 

ұқсамайтын  жаңаша  бағыт  ұстанады».  Соның  нəтижесінде  жа-

салған  талдаудың  негізгі  тұжырымдарын  былай  деп  көрсетуге 

болады:

- үнемдеу заңы;



- флексиялық құрылым дəуірін басынан өткізген ішкі флексия 

қалдықтары. Содан кейін полисемантикалық құрылым (түбір тіл) 

дəуірі келген;

- дауыссыздар -mс/м - mс (ц),mш (ч), *һ. Қалған фонемалардың 

барлығы осы архетиптерден бөлініп шығып, қалыптасқан бір кез-

дегі аллофондар;

- дыбыстарды (түсіп қалған) бұрынғы қалпына келтірудің өзін-

ше амал-тəсілдері ұсынылған;

- дауыссыз дыбыстардың сəйкестігі; мəтіндегі сəйкестіктер;

- лексикадағы (құрылымдағы) өзгерту тетіктерін айқындайтын 

басты заңдылықтары:

1) протезалық, эпентезалық дыбыстар;

2) үнемдеу заңы;

3) сингармониялық варианттар, параллельдер.



Қазақ тіліндегі шеткері (перифериялық) сипаттағы 

этнотаңбалық бірліктердің жаңғыртылуы

Тілдің құрылымын ұстап тұрған негізгі арқау – түбір құрылымы 

екені белгілі. 

Алдағы  бөлімде  түбір  құрылымының  тарихи-онтологиялық 

сипаты  уақыт  пен  кеңістік  контекстінде  динамикалық  категория 

ретінде  қарастырылды.  Оның  уəжін  қазіргі  түркі  тілдерінің  бірі 

қазақ  тіліндегі  екібуынды  түбір-негіздердің  құрамында  тарихи 

кірігіп кеткен «өлі» түбірлерді (моносиллабтарды) жаңғырту тал-

пынысымен анықтауға тырыстық.

Зерттеу барысындағы морфемалық жəне модельдік талдау жа-

саудың  нəтижесінде  түбірлердің  көнеруінің,  аффикспен  кірігіп 


150

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

кетуінің себебі, біріншіден, оларға жалғанған аффикстердің бара-

бара  өнімсізге  айналуы,  морфемалар  тоғысындағы  түрлі  морфо-

нологиялық құбылыстардың əсерінен болса, екіншіден, түбір мор-

феманың  тарихи  даму  кезеңіндегі  қолданысына  орай  мағынасы-

ның көмескіленуімен түсіндіріледі.

Сонымен  бірге  тілдің  коммуникативтік  қызметімен  сабақтас 

кумулятивтік  қасиеті  негізінде  тіл  құрылымының  негізгі  арқау 

ретіндегі  түбір  тек  түбір-негіз  ия  оның  сөзжасамдық  қатарында 

ғана емес, тарихи даму барысындағы тілдік жүйенің шеткері өрісін 

құрайтын құрылымдарда да сақталған. Олар да тіл тұтынушы ха-

лықтың  тарихи-мəдени,  рухани-əлеуметтік,  т.б.  дүниетанымдық 

əлемін  танытатын  этнотаңбалық  тілдік  бірліктер  ретінде  анық-

тауды, жаңғыртуды қажет етеді. Осымен байланысты кез келген 

тілдің  табиғи  болмысын  тану  үшін  оны  тек  таза  таңбалық  жүйе 

негізіндегі  тілдік  бірліктердің  құрылымы  мен  грамматикалық 

қызметі,  тарихи  деривация  мен  номинация  жүйесінде  қарастыру 

жеткіліксіз.

Осыған орай бір қарағанда морфемалық талдау негізінде байыр-

ғы  түбірлерді  құрылымдық  тұрғыдан  ажыратып  алу  (тіпті  жора-

мал түрде болса да) қиын емес сияқты көрінгенімен, шын мəнінде 

күрделі мəселе екендігін бірінші бөлімнің мазмұнында көрсетуге 

тырыстық.

Жоғарыда  көрсеткеніміздей,  бірбуынды  ғана  емес,  көптеген 

екібуынды  да  түбірлердің  тарихи  тұрғыдан  ажырамастай  кірігіп 

кетуі сол тарихи туынды құрылымның тек коммуникативті-функ-

ционалды қызметіне ғана қатысты емес, ішкі мазмұнына да («ішкі 

форма») да байланысты. Себебі тіл философиясының негізін салу-

шы В. фон Гумбольдт, А.А. Потебня, т.б. көрсетуінше, тіл ойды 

туғызушы тетік, тілде о бастан шығармашылық, танымдық мүм-

кіндік бар.

Бұл  арада  тілдің  коммуникативтік  қызметі  мен  кумулятивтік 

(мұрагерлік) қызметі астасып кететінін атап өткен жөн. Талай ға-

сырлар  белгілі  бір  тіл  тұтынушы  қоғамда  коммуникативті-əлеу-

меттік қызмет атқаратын тілдің бойында тілдік-мазмұндық ақпа-

рат  сыйымдылығы  жинақталып, «өлі»  түбірлердің  құрамында 

«сүрленіп» сақталуы – соның бір дерегі (мейлі, ол туынды түбір-

лердің құрылымында ма, əлде шеткері өрісте ме). 



151

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Осы  «өлі»  түбірлер  сияқты  ғасырлар  бойы  халықтың  көкіре-

гінде жатталып, жадында сақталған, көркемсөз кестесінің шеңбе-

рінде айшықталып, ұрпақтан ұрпаққа тілдің коммуникативтік те, 

кумулятивтік  те  қызметі  негізінде  жеткен  көне  тамырлы  сөздер-

дің көзі – фразеологиялық тіркестер. 

Олар – ұлттық  болмыс-бітімін,  дүниеге  көзқарасын,  рухани-

мəдени құндылықтарын, əлеуметтік мəнін, ой-тəжірибесін, дана-

лығын,  дүниетанымдық  көзқарастарын,  салт-дəстүрін  ұлттық  та-

ным қорында жинақтаған тілдік таңбалар.

Кеңестік кезеңдегі түркітануда фразеология бойынша біршама 

еңбек  жарық  көргені  белгілі [223]. Қазіргі  тарихи-əлеуметтік 

кезеңнің кеңістігі мен жеке түркі тілдері тіл білімінің даму деңге-

йінде көрсетілген нəтижелер фразеологиялық жүйенің жалпытүр-

кілік сипатта типологиялық қорытуды қажет етеді. Осы тұрғыдан 

жасалған  тұжырымдар  оның  алдында  жеке  тілдердің  лексикасы-

ның  құрамын,  тарихи-морфо-семантикалық  құрылымын  айқын-

даған  зерттеулерге  сүйеніп,  түркілік  лексиканың  ортақ  түркі  қа-

батын  ажыратып,  анықтауға  көмектеседі.  Осы  арада  фразеоло-

гиялық тіркестердің компоненттері ретінде анықталатын байырғы 

түркі  лексикасының  мағынасын,  құрылымын  фоно-морфосе-

мантикалық корреляция негізінде қарастыру олардың түбір мор-

фемасын  да  айқындауға  (реконструкциялауға)  мүмкіндік  береді. 

Осымен  байланысты  түркі  фразеологиялық  жүйесіндегі  этимо-

логиясы  көмескіленген  компоненттердің  тарихи-лингвистикалық 

жəне  этнотаңбалық  сипатын  жаңғыртуға  байланысты  зерттеудің 

негізгі міндеттерін былайша анықтауға болады:

- ортақ түркі лексикасын анықтау мəселесін зерттеу. Бұл ара-

да  фразеологизмнің  компоненті  ретінде  сақталған  белгілі  бір 

түбірдің тілдің белсенді сөздік қорына немесе перифериясына жа-

татыны ескерілуі тиіс. Өйткені реликті сөздердің көбі лексиканың 

перифериясында  тұрақты  сөз  тіркестері,  фразеологизмдер  құра-

мында  деэтимологизация  нəтижесінде  пайда  болған  «өлі»  түбір 

түрінде көрініс табады; 

- əртүрлі тілдердегі фразеологиялық бірліктер құрамында кө-

рініс  табатын  түркі  лексикасының  ортақ  жəне  өзіндік  ерекше-

ліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Өйт-

кені өзара ұқсастықтар кез келген лексика-семантикалық үдеріс-



152

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

тің  даму  бағытын  көрсетсе,  айырмашылықтар – олардың  тари-

хи  бірізділігін,  қалыптасу  сатысы  мен  қозғалысын  байқататыны 

белгілі;


- мағынасы, құрылымы, бейнелілігі тұрғысынан сəйкес келетін 

жəне  белгілі  бір  ішкі  форма  негізінде  көрініс  тапқан  жалпытүр-

кілік фразеологизмдердің параллельдерін (жарыспалығын) белгі-

леу;


-  лексиканың  сөзтудырушы  бір  тəсілі  болып  табылатын  фра-

зеологиялану құбылысын құрылымдық өзіндік ерекшелігіне орай 

зерделеу;

- сөзтудырушы форма, екіншілік номинация нəтижесі ретінде 

фразеологизмдердің семантикалық мəнін айшықтау.

Əдетте, фразеология саласына қатысты салыстырмалы-тарихи 

жəне  этимологиялық  зерттеулерде  сөз-түбірлердің  реконструк-

циясы  мен  этимологиясы  жəне  олардың  мағынасына  қатысты 

мəселелер арнайы қарастырылмайды. 

Шын  мəнінде,  тілдегі  көптеген  архаизм-сөздер,  өлі  грамма-

тикалық  формалар  жəне  көне  синтаксистік  құрылымдар  лекси-

калық  жəне  грамматикалық  жүйелер  дамуының  нормадан  ауыт-

қуы  нəтижесі  ретінде  фразеологиялық  бірліктер  құрамында  сақ-

талған.  Яғни,  əртүрлі  тұрмыс  реалийлері,  этнографиялық  жəне 

діни  терминдер,  т.б.  фразеологиялық  бірліктер  компоненттері 

ретінде тілде көрініс табады.

Осымен  байланысты  фразеологиялық  тіркестерді  тарихи-ти-

пологиялық  тұрғыдан  зерделеу  барысында  негізге  алынатын  ма-

ңызды міндеттердің бірі – жеке тілдік фразеологиялық тіркестерді 

айқындау жəне түркі тілдерінің өзара əрекеттестігі негізінде пай-

да болған элементтерді белгілеу. 

Қазіргі түркі тілдерінің фразеологиялық тіркестері ұзақ тари-

хи  дамудың  нəтижесі  болып  табылады.  Олардың  кейбірі  түркі 

тілдері  тарихының  ерте  кезеңіне  жатады.  Бұған  əртүрлі  дəуірдің 

жазба ескерткіштері дəлел бола алады. 

Мысалы,  батпан  құйрық.  Қазіргі  қазақ  тілінде  ол  «ойлама-

ған  жерден  түскен  олжа»  мағынасында  қолданылады.  Аталмыш 

тіркестегі  батпан  компонентінің  жеке  семантикалық  мағынасы 

айқын емес. Ал көне түркі сөздігінде batman – салмақ өлшемінің 

атауы. М. Қашқаридің сөздігінде: «batman – 180 кг-дан 300 кг-ға 



153

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

дейінгі салмақ» деп көрсетілген. Мысалы: iki batman et «два бат-

мана мяса» [ДТС. 89-б.]. К. Юдахин батман сөзін иран тілдеріне 

жатқызып,  жер  өлшеміне  қатысты  мағынасын  көрсетеді:  «bat-



man – около двух десятин в долине реки Талас» [224].

Қолаң  шаш.  Қазақ  халқы  мен  өзге  де  түркі  халықтарының 

фольклоры  мен  əдебиетінде  əйел  сұлулығы  көрсетілген 

метафоралық,  поэтикалық  тіркес  негізінде  бейнеленіп  отырған. 

Оған дəлел бола алатын мысалдар да баршылық. Айталық:

Етіндей жас баланың білегі бар,

Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.



Қара қолаң шашы бар жібек талды,

Торғындай толқындырып көз таңдайды (Абай).

Генетикалық тұрғыдан алғанда аталмыш фразеологиялық тір-

кестер салыстыру негізінде жасалған еркін сөз тіркесіне жатады. 

Бұған көне ұйғыр тіліндегі «поясной ремень», «подпруга» [МК. І, 

404] мағынасындағы qolan компоненті дəлел.

Қазақ  тілінің  фразеологиялық  тіркестеріне  салыстырмалы-

типологиялық  талдау  жүргізу  негізінде  түрік  тілдері  дамуының 

жалпы  дəуіріне  жататын  фразеологиялық  тіркестердің  жалпы 

түрін қайта жаңғыртуға болады. Мысалы: қыпша бел. Қазіргі қазақ 

тілінде  қыпша  сөзі  өз  алдына  жеке  қолданылмайды,  көрсетілген 

тіркес құрамында ғана кездеседі. Ал өзбек тіліндегі хипча лексема-

сы жеке сөз ретінде жұмсалып, «тонкий», «изящный» [УРС. 501-б.] 

мағыналарын  танытады.  Сондай-ақ  хипча  лексемасы  негізінде 

жасалған туынды сөздер қатарын да көрсетуге болады: хипчалик – 

«тонкость, изящность»; хипчанланмақ – «быть тонким, изящным». 

Ойрат (алтай) тілінде аталмыш компонент сын есім ретінде емес, 

зат есім орнында жұмсалады. Бұл тілде кыпчал – «узкое, трудно-

проходимое место». Ол кыпчы – «ущемлять, зажимать в тиски, в 

шипцы» [ОРС. 105-б.]  етістігінен  жасалған  болса  керек.  Бұндай 

етістік қырғыз тілінде де бар [ЮКРС. 492-б.].

Осындай ұлттың болмысын сипаттайтын төл мəдениеттің эт-

нотаңбалық  деректерінің  мəні  жоғарыда  көрсетілген  үлгілерде 

мынадай қызметтер атқарады:

1) эстетикалық;

2) тарихи-этникалық тұрғыдан уақыт пен кеңістік контекстін-

дегі əлеуметтік-функционалдық;

3) танымдық-аксиологиялық.



154

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Осы  тұрғыда  қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  семантика-

сын  түрлі  аспектіде  талдауды  мақсат  ете  отырып,  олардың  таң-

балық  мəртебесін  ғалым  Р.А.  Авакова  фраземалардың  ішкі  фор-

маларының  этномəдени  жəне  экстралингвистикалық  дереккөз-

дері  арқылы  ашып,  олардың  таңбалық-символдық  белгілерін  ас-

социативті-бейнелі ойлаудың жемісі ретінде таниды [225]. Себебі 

«халық санасында, оның тілдік қорында бейнелі, астарлы, айшық-

ты фразеологиялық тіркестер – архисемалық «тарихи қалдықтар» 

семиотикалық  таңбалар  ретінде  ұрпақтан  ұрпаққа  сақталады». 

Осымен  байланысты  фразеологияның  семантикасын  оның  маз-

мұнында  «тасаланған»  коды  арқылы  ашу  бұл  этнотаңбалық  жү-

йенің  когнитивтік  парадигмада  жаңғыртылуының  жаңа  сапалық 

деңгейдегі ғылыми уəжділігі деп бағалауға болады.

Осыған орай рухани мəдениетке байланысты сөздіктерде кез-

десетін  этнографизмдердің  мəні,  фразеологиялық  тіркестердегі 

«тасаланған»  мағыналардың,  кəсіби  терминдердің,  диалектизм-

дердің  мəні,  кейбір  ономасиологиялық  уəждердің  ашылуы  көп 

жағдайдарда  фразеологиялық  жүйені  терең  зерделеумен  байла-

нысты  екенін  ғалым  Н.  Уəли  дəйекті  талдауының  негізінде  дə-

лелдейді [226].

Мысалы,  ақ  бикеш  «ақталған  тары»,  ар  омыртқа  «соғымнан 

берілетін сыбаға», ат келіншек «отаусыз, жасаусыз түскен келін-

шек», жабы ит «үй күзететін, қаппайтын ит», жанама ат «қызға 

қалың  бергенде  есепті  малдан  тыс  қыз  туыстарына  берілетін 

қосымша ат», т.б.

Сол  сияқты  талқы  сөзi  қазipгi  қазақ  тiлiнде  талқыға  салу, 

талқыға түсу сияқты тipкестеpдiң немесе талқылану деген етiс-

тiктiң  құpамында  қолданылады.  Ал  таpихи  тұpғыдан,  талқы – 

теpiнi кеpiп-созып, уқалап жұмсаpтатын ағаш құpал [ҚТТС. VIII, 

568-б.]. Демек, ол таpихи тұpғыдан құpалдың атауы pетiнде қолда-

нылған  жеке  сөз.  Əpине,  кейiн  осы  мағынаның  негiзiнде  ауыс-

палы  мағына  да  (өмipдiң  талқысы,  тағдыpдың  талқысы,  т.б. 

дегендегi)  туған.  Дегенмен,  оның  семантикалық  жағынан  күң-

гipттенуi, белсенділігінің азаю себебі – талқы құpалының қазipгi 

қолданыстан шығып қалуы. Салыстыpыңыз: 

Саpттаp сауыp басады талқыменен,

Еp жабдығы жаpасаp наpқыменен. 


155

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Жетiм ұлға қызымды беpмеймiн деп, 

Қаpабай көшiп кеттi халқы менен. 

                    (Қозы Көpпеш-Баян сұлу). 

Ескi  түpкi  жазбалаpында  талқы  сөзiнiң  етiстiк  тұлғасы  да 

кездеседi: talqi – кiнəлау, қабыл алмау [МК. II, 304-б.]; talqiš – киiз 

басу [МК. II, 207-б.]. 

Р. Авакованың тұжырымдауынша, «Қазіргі кезеңде фразеоло-

гия  өз  бойына  жаңа  нысан  мен  бағыттар  жинақтауда.  Бұл  тұста 

фразеологизм  таңба  ретінде  қарастырылып,  тілдік  таңба  табиға-

тына  сəйкес  коммуникативтік  актіге  қатынасатын,  тіл  жəне  сөй-

леуде өзіндік қызметі бар, ұлттық мəдени сипатымен ерекшелене-

тін  тілдік  бірлік  ретінде  фразеологизмдердің  мағынасындағы 

объективтік жəне субъективтік факторлардың арақатынасын зерт-

теу жолға қойылып отыр»

 

[227].



Түркілік  фразеологиялық  тіркестерді  салыстырмалы-типоло-

гиялық жəне тарихи-этимологиялық тұрғыдан талдау нəтижелері 

фразеологиялық тіркестердің уəжделуіне компонент мағыналары 

негіз болып, фразеологиялық тіркестердің еркін сөз тіркестерінен 

жасалғанын байқатады. 

Əрбір этностың мəдениеті – оның тілі арқылы сақталған, таңба-

ланған  ішкі  мазмұнында.  Сол  мазмұнды  ашу  «кілті»,  жоғарыда 

көрсетілгендей, тіл арқылы сақталған мəдени ұғымдардың мəдени 

фонында астарланған.

Қазіргі  тіл  мен  түрікмен  тілі  ескерткіштерінің  материалда-

рына  құрылымдық-семантикалық  тұрғыдан  талдау  жүргізген  тү-

рікмен  фразеологы  Р.Х.  Аннаеваның  жəне  тағы  басқа  да  ғалым-

дардың көрсетуі бойынша, тұрақты тіркестер мағыналары оны құ-

райтын  жеке  компоненттер  мағыналарымен  ғана  уəжделмейді. 

Сондай-ақ тұрақты тіркестер құрамына қарағанда, пайда бола бас-

таған  кездегі  тіркестердің  жалпы  мағынасына  оның  компонетте-

рінің мағынасы уəж болғаны айтылады [228]. Мысал ретінде эл гов-

шур  «сложить  руки  на  груди» (қаз.  қол  қусыру)  тұрақты  тіркесі 

талданады.

Алғашқы  кезде  бұндай  əрекет  қадір  тұту,  құрмет  білдіру 

белгісін танытса (белгілі бір адам біреуге ілтипат, құрмет білдіру 

үшін қолын айқастыра көкірегіне қойған), тілдің одан əрі дамуы 

барысында  бұл  тіркес  бас  ию  (бұл  жерде  адамның  айқастыра 



156

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

қолын кеудесіне қоюы міндетті емес) мағынасын таныта бастаған. 

Көрсетілген уəжділік қазақ тіліндегі «еш нəрсе істемей, жайбара-

қат  отыр»  мағынасындағы  қол  қусырып  отыр  фразеологиялық 

тіркесіне де толықтай негіз бола алады. 

Қазіргі  түркі  тілдері  фразеологиялық  тіркестерінің  жалпылы-

ғы  мынадай  пайымдау  жасауға  негіз  болады:  фразеологиялық 

тіркестердің  көбі  бір  дереккөзден  бастау  алады,  ал  кейбіреулері 

жарыспалы дамудың нəтижесі болып табылады.

Фразеологиядағы  дереккөз  мəселесі  фразеологиялық  тіркес-

терді  этимологиялық  тұрғыдан  талдау  мəселесінен  əлдеқайда 

кеңірек  болып  келеді.  Фразеологиялық  тіркестердің  əмбебаптық 

жəне типологиялық сипаты оны жалпы филологиялық мəселелер 

қатарына қосады.

Алайда  көрсетілген  салыстырмалы-тарихи  зерттеу  барысы 

фразеологизмдердің  тек  синхрондық  тұрғыдан  сипатталуы  олар-

дың  толық  табиғатын  ашу  үшін  жеткіліксіз  екенін  көрсетеді. 

Сондықтан  да  қажетті  жағдайда  белгілі  бір  фразеологизмдердің 

пайда болуына қатысты қосымша тарихи деректер қолданылады. 

Мысалы,  тұрақты  тіркестердің  көбі  ұзақ  уақыт  бойы  бейнелі 

мағынада  жұмсалуы  нəтижесінде  пайда  болған.  Олар  шектеулі 

сөздер  қатарымен  тіркесе  келіп,  бірте-бірте  тұрақтала  бастаған. 

Сондай-ақ  ауыспалы  мағыналарының  дамуы  нəтижесінде  тура 

мағыналары  көмескіленіп,  күңгірттенген  компоненттерге  айна-

ла  бастайды.  Бұндай  жағдайда  күңгірт  тартқан  компоненттердің 

тарихи  лексикалық  мағынасы  тек  салыстырмалы-типологиялық 

жəне тарихи-этимологиялық аспекті тұрғысынан жүргізілген тал-

дау  нəтижесінде  айқындалуы  мүмкін.  Сондықтан  да,  зерттеуші 

В.Н. Ярцева көрсеткендей, сөз тіркесі құрылымын тарихи тұрғы-

дан  зерделеу – фразеологиялық  бірліктерді  еркін  синтаксистік 

бірліктерден ажыратуға мүмкіндік беруімен қатар, сөз тіркесі та-

рихымен байланысты өзгерістерді айшықтауда да септігін тигізе-

ді

 

[229].  Фразеологиялық  тіркестердің  пайда  болуына  қатысты 



жоғарыда көрсетілген деректі М.Б. Балақаев

 

[230] та көрсетеді.



Белгілі  бір  тіл  лексикасының  құрамын  зерттеу  сөздердің  əр-

түрлі  тақырыптағы  топтарын,  оның  ішінде  кəсіби  лексиканы, 

туыстық  терминдерді,  топонимдерді,  фитонимдерді,  зоонимдер-

ді, т.б. қарастыруды қажет ететіні белгілі. Осыған орай түркітану-



157

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

да  көрсетілген  сөздер  топтарының  лексикалық  параллельдеріне 

арналған еңбектер де аз емес. Түркі тілдеріндегі фразеология са-

ласы  бойынша  жүргізілген  тарихи-типологиялық  зерттеулер  нə-

тижесінде  фразеологиялық  параллельдердің  анықталуы  түркі 

тілдерінің  арасындағы  ежелгі  қатынастарды,  олардың  туыстық 

дəрежесін  жəне  əрі  қарайғы  даму  деңгейін  көрсетеді.  Қазақ  ті-

лінде  мағынасы  көмескілінген  кейбір  компоненттердің  басқа  бір 

тілде  белсенді  түрде  қолданылатынын  типологиялық  салыстыру 

негізінде  анықтауға  болады.  Бұған  мысал  ретінде  К.М.  Мұсаев 



көздің жауын алғандай «очень привлекательный, красивый, вели-

колепный» сөз тіркесіндегі жау сөзін келтіреді [231].

Түркі тілдері фразеологиясы бойынша жүргізілген зерттеулер 

нəтижесі  түркі  тілдеріне  тəн  ортақ  фразеологиялық  қордың  бар 

екенін растайды. Олар мағынасы, құрылымы, бейнелілігі, жасалу 

формасы  жағынан  ұқсас  болып  келеді.  Фразеологиялық  тіркес-

терді типологиялық тұрғыдан зерделеу қажеттілігі олардың сөз ту-

дыру процесіндегі лексикалық амалдардың бірі болуымен де бай-

ланысты. Өйткені көне элементтердің көбі осы тұрақты тіркестер 

құрамында сақталып қалған. Фразеологиялық тіркестерге қатысты 

ұғымдар мен түсініктердің типологиялық мазмұны оларды шын-

дықты  бейнелеудің  бір  формасы  ретінде  сипаттайды.  Тарихи 

лексикологиялық  құрал  ретіндегі  фразеологиялық  бірліктердің 

көрсетілген қызметі тіл тұтынушыларының тарихымен тығыз бай-

ланысты. 

Б.А. Лариннің көрсетуі бойынша: «Фразеологизмдер өзіндік тер-

мин  мағынасында  əрдайым  халық  дүниетанымын,  қоғамдық  құ-

рылысын, өз заманының идеологиясын бейнелеп отырады» [232]. 

Тілде  бастапқы  бейнелердің,  атап  айтқанда,  ескі  ұлттық  дəс-

түрлердің, сенімдердің, тарихи аңыздардың, əртүрлі нормадан тыс 

варианттар  мен  окказионализмдердің,  диалектілер  мен  сан  алу-

ан  тұрмыс  реалийлерінің,  этнографиялық  жəне  діни  терминдері-

нің т.б. сарқыншақтары тұнып тұрады. Мысалы, badϊr ajaq – чаша 

(badϊr соғды. «чаша для подаяния будийского монаха») [ДТС. 77-б.]; 



čekčäk qara – шерстяная  накидка,  одежда  рабов  [ДТС. 143-б.]; 

čuram oqϊ – легкая длинная стрела для стрельбы из лука по дальней 

цели [ДТС. 157-б.]; ötüg bilig – долговая грамота (ötüg – просьба, 

мольба) [ДТС. 393-б.]; qara baš – раб, слуга [ДТС. 423-б.].


158

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Сондай-ақ  тар  мағынада  (кейде  белгілі  бір  кəсіп  аясында) 

қолданылатын  сөздер  үлгілерін  фразеологиялық  тіркестер  құры-

лымынан  да  ұшыратамыз:  ұлама  шаш,  кереге  ұлау,  т.б.  Қазіргі 

түрікмен,  түрік,  қырғыз,  ұйғыр,  алтай,  хақас,  тува  тілдерінде, 

М. Қашқари сөздігінде ula= етістігі жеке сөз ретінде кеңінен қол-

данылады. Одан туындаған түбірлес сөздер қатарын да атауға бо-

лады. Мысалы, түрік тіліндегі ұлау «заплатка» сөзі, ұйғыр тілін-

дегі уланма «частица», «наставной» сөзі. 

І.  Кеңесбаев  «Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі»  атты 

еңбегінде мынадай сөз тіркестері қатарын көрсетеді: Шопан ата, 

Ойсыл  қара,  кежегесі  кейін  тартты,  күйсік  күлік  жүгірмес, 

алаған қолым береген, мезгілсіз шақырған қораздың басын жұл-

мақ керек, т.б.

 

[233].



Мысалдардан  байқағанымыздай,  фразеологиялық  тіркестер-

дің мазмұнындағы этнотаңбалардың мəні зерттеу барысында тіл-

дің  таза  лингвистикалық  деректерімен  қатар,  халықтың  тарихы, 

этнографиясы, археологиясы, əдебиеті жəне фольклоры жөніндегі 

мағлұматтар арқылы анықталады. Өйткені тіл иеленуші халықтың 

тарихымен  байланысты  деректер  қызықты  да  құнды  пайымдау-

лар жасауға, көптеген сөздер мен лингвистикалық құбылыстарды, 

фразеологиялық  тіркестердің  күңгірт  тартқан  компоненттерін, 

мақал-мəтелдерді,  идиомаларды,  т.б.  айшықтап,  түсіндіруге  кө-

мектеседі.

Қазіргі қолданысы тарихи-танымдық тұрғыдан жаңғыртылып, 

анықталған  ия  мифтік  таным  деңгейіне  сай  қалыптасқан  архе-

типтік  сипаттағы  тілдік  деректердің  дені  фразеологиялық  жүйе-

нің құрылымында сақталған.

Бұл  арада  мағынасы  көмескіленген  компоненттерге  тарихи-

морфологиялық  реконструкция  ғана  жасалмайды,  сонымен  бірге 

оның мазмұнындағы этнотаңбалық жүйеге де реконструкция жа-

салады.


Фразеологизмдер  құрылымының  пайда  болу  себептерін  ай-

қындау барысында алдымен мынадай жайтқа назар аударған жөн: 

фразеологиялық тіркестердің негізінде ұғымды жай ғана көрсету 

емес,  метафоризациялану  жəне  ұғымды  бейнелеу  көрінісі  жа-

тыр.  Олардың  тілдік  таңбалар  негізінде  берілуі  заттық,  сезімдік, 

əрекеттік  белгілердің  бірте-бірте  жойылу  нəтижесімен,  яғни  зат-



159

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

тық  əлемнің  идеализациясы  (объективациясы)  құбылысының 

орын алуымен байланысты болып келеді. 

Тіл иеленушілердің өзара еңбек əрекеті, ортақ заттық əлемі мен 

əлеуметтік-тарихи  тəжірибесі  əртүрлі  түсініктер  пен  ұғымдарды 

құбылтумен қатар, ортақ жəне ұлттық мазмұнының пайда болуы-

на негіз болады. Сонымен қатар қарама-қайшылықтың диалектілік 

бірлігін  құрайтын  бұл  екі  ерекшелік  (сезімділік,  парасаттылық) 

заттың,  нəрсенің  «идеалды»  бейнесін  өзгерту  процесінде  маңыз-

ды рөл атқарады. 

Бұл тұжырым: «тұрақты тіркестер тілдің сөз байлығын дамы-

туда ерекше орынға ие, бейнелі де көркем тілдің бірден бір құралы 

ретінде сөз шеберлігі мен шешендігін танытады» – деген талассыз 

фактіге негізделеді. Олар ұрпақтан ұрпаққа бізге дейін жеткен да-

йын үлгілер, құрылымдар ретінде салыстырмалы-салғастырмалы 

аспекті  аясында  əртүрлі  құбылыстарды  көркем  бейнелеу  мақ-

сатымен  ғасырлар  бойы  қолданылып  келе  жатқан  сөз  тудыру-

шы  лексикалық  құрал  болып  табылады.  Кезінде  бұны  көптеген 

зерттеушілер  де  көрсеткен  болатын.  Айталық,  В.М.  Мокиенко: 

«Фразеология – бұл көне сөздер мен ескірген грамматикалық фор-

маларды, уақытпен жəне əдеби нормамен жарамсыз деп табылған 

синтаксистік құрылымдарды сақтап қалған тіл қазынасы»

 

[234], – 



деп бағалайды. 

Мəдениет тілін құрайтын таңба – символдар жиынтығы. Осы-

мен  байланысты  мəдениеттің  немесе  оның  жеке  түрлері  мен 

формаларының таңбалық сипаты туралы ой ертеде қалыптасқан. 

«Таңба» категориясының енуімен байланысты қоғамды тұтастай, 

оның ішінде салт-дəстүр, əдет-ғұрыпты, т.б. белгілі бір мəтін ре-

тінде  лингвистикадан  тыс,  көпмағыналы  мəнге  ие  «мəдениет» 

терминінің  астарында  қарауға  мүмкіндік  туды.  Сондықтан  мə-

дениет  тілін  адамзат  əрекетін  көрсететін  таңбалар  жиынтығы 

ретінде  сипаттауға  болады.  Мұндай  таңбалық  құралдарды  этно-



таңбалар деп айтуға болады (Ю.М. Лотман, т.б.). Бірақ осы арада 

ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Бұның негізін құрайтын этно-

графизмдер,  қазақ  ескіліктері,  мифологемалар,  фразеологизм-

дер  басқа  да  этномəдениеттің  архетиптік  көріністері  мəдениетті 

айқындап қана қоймай, оны символдау қызметін атқарады, соның 

негізінде этномаркерлі мəдениеттің кеңістігі тілде таңбаланады.



160

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Тарихи-танымдық  зерттеулер  нəтижесі  де  фразеологиялық 

бірліктерді екіншілік номинация, яғни тілдегі бұрыннан бар сөз-

дер  мағынасының  семантикалық  тұрғыдан  өзгеріске  ұшыраған 

формалары  ретінде  сипаттайды.  Осымен  байланысты  көптеген 

жағдайда  сөздер  өз  мазмұнынан  айырылып,  жеке  қолданылмай 

қалады. В.Г. Гактың көрсетуі бойынша, бұл – ойдың экспрессивті-

эмоционалды берілуімен, субъективті бағаны таныту қажеттілігі-

мен  байланысты  болып  келеді

 

[235].  Яғни,  фразеологиялық 



бірліктер  сөздердің  баламалары  (эквиваленттері)  бола  алады. 

Сондықтан да елуінші жылдардың аяғында Б.А. Ларин, А.И. Смир-

ницкий, С.И. Ожегов еңбектерінде фразеологиялық тіркестер но-

минация  тұтастылығымен  сипатталатын  сөздерге  барабар  тілдік 

бірліктер ретінде қарастырылған [236].

Зат  атауларының  қалыптасуындағы  негізгі  қағида – ұлттық 

ерекшелік,  тарихи-мəдени,  əлеуметтік-кəсіптік,  т.б.  жағдайларға 

байланысты  негізделетін  қазіргі  тіл  біліміндегі  номинация  тео-

риясының уəжділік, функционалдық ұғымдарымен байланысты.

Аталым барысында фразеологиялық бірліктер арқылы берілген 

шындық  тіл  шығармашылығында  белгілі  бір  дəрежеде  өзгеріске 

түседі. 


Демек, ФТ-тер дүниені бағалауыштың коннотациялар арқылы 

экспрессивті бейнелеп тілдің жанама номинациялық құрылымына 

енеді

 

[237]. Демек, бұрынғы еркін сөз тіркестерінің компоненттік 



құрамындағы  семантикалық  ауысулар  оның  ішкі  формасына  ай-

налады.  Сондықтан  А.И.  Федоров  оны  бір  құбылысты  екінші 

құбылыс арқылы жасалған бейнемен түсіндіруі деп санайды [238]. 

Біздің жұмысымызға қатысты ФТ-дің құрамындағы мəдени мəнді 

компоненттер, белгілі бір тілдің ФТ-нің ұлттық ерекшелігі оның 

тек  ішкі  тілдік  құрылысымен  ғана  емес,  сол  ФТ-де  бейнеленген 

ұлттық  мəдениет  деректерінің  бірегейлігімен  (уникальность)  де 

сипатталады. Атап айтқанда, ұлттық ФТ-дің ерекшелігі лигнвис-

тикалық  негізде  ғана  емес,  сол  халыққа  ғана  тəн  ұлттық  құбы-

лыстарды экспрессивті түрде атауға қызмет ететін экстралингвис-

тикалық себеп – ұлттық мəдениет негізінде де қалыптасады [239]. 

Əpтүpлi  құбылыстың  тілдік  санада  тұжыpымдалуының  көрі-

нісі  ретінде  фразеологиялық  тіркестердің  бейнелеу  уəжі  болып, 

көп  жағдайда  тұpмыста  қолданылатын  етене  жақын,  таныс  зат-



161

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

таpдың, нəpселеpдiң, бұйымдаpдың, құбылыстардың, т.б. атаулаpы 

қызмет етеді. 

Мысалы: азу тiсi балғадай; айpандай аптап, күбiдей күптеп; 



ыңыpшағы айналу; айылын жимады; алтынмен аптап, күмiспен 

күптедi;  аузынан  сөзi,  қойнынан  бөзi  түскен;  бесiктен  белi 

шықпаған;  бұғалық  салды;  дабыл  қақты;  дастаpқаны  мол//кең; 

ел аузына елек//қақпақ қоймақ; еp мойнында қыл аpқан шipiмес; 

еpiн  бауыpына  алды;  жүpген  аяққа  жөpгем  iлiгеp;  жыpтысын 

жыpтты; кебенек киген келедi; көбесi сөгiлдi; көпшiк қойды; күдеp 

үздi;  қаймағы  бұзылмады;  қалпақтай  ұшты;  қамшы  салмады; 

қаpа  көже;  қоңыpау  тақты;  құйысқанға  қыстыpылды;  құpығы 

ұзын;  оқалы  киiм;  сабасына  түстi,  т.б. (Мысалдаpдың  баpлығы 

I. Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фpазеологиялық сөздiгiнен» алын-

ды. – Алматы, 1977).

Осы  сияқты  ескiнiң  қалдығы  pетiнде  ФТ-дiң  құpамында  сақ-

талған  көптеген  этномəдени  ақпаратты  қазақ  тiлiнiң  де  фpазео-

логиялық қоpынан көптеп табуға болады: көнектей болу, қалжа 



жеу, қанжығасына байлау, көрімдік беру, тұсауын кесу, т.б. Сол 

сияқты этнотанымдық ассоциацияға сəйкес көркем ойлау жүйесі-

нің  көріністері  де  тілде  фразеологиялық  тіркес  түрінде  кеңінен 

өріс  тапқан:  айылын  жимады,  ұршықтай  үйірді,  айрандай  ұйып 



отыр, көбіс ауыз, кебеже қарын, т.б. 

Мысалы,  өзi  илейтiн  теpiнiң  пұшпағы  «түбiнде  өзi iстейтiн 

жұмыс». Пұшпақ – «малдың, аңның тiзеден төменгi сиpақ теpiсi» 

[ҚТТС. VIII, 22-б.]. 



Пұшпақ сөзiнiң таpихи тұpғыдан о баста қыpғыз тiлiндегiдей 

«тiзеден  төменгi  жақ,  сиpақ»  деген  мағынада  болғанын  мына 

ФТ-де  сақталғанынан  көpуге  болады:  пұшпағынан  сабылды – 

«болдыpды,  шаpшады»;  пұшпағына  түстi  [соқты] – «өте  ұзын 

болып  сүйpетiлiп  жатты  (киiм)».  Жалпы  пұшпақ  сөзiнiң  (аяқтың 

төменгi  жағы)  жəне  содан  туған  туынды  мағынаның  (теpiсi) 

беpетiн негiзгi мəнi – «бip заттың, нəpсенiң бip шетi, бөлiгi». Яғни, 

ол  тұтас  аяқтың  атауы  емес,  сол  сияқты  тұтас  теpiнiң  де  атауы 

емес, оның бip бөлiгiнiң ғана атауы. Оны қыpғыз тiлiндегi «буч-

как ичик – аңның аяқ теpісiнен тiгiлген iшiк» деп қолданылуынан 

да көpуге болады. Оны қазақ тiлiндегi мысалдаpмен де нақтылай 

түсуге  болады.  Қаpаңыз:  пұшпақта – «пұшпақтан  құpап  киiм 


162

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

тiгу»,  пұшпақтай – «кiшкентай,  көлемi  аз»,  т.б.  Одан  ауыспалы 

мағыналаp  да  туған:  пұшпақ – туған  жеpдiң,  Отанның  бip  шетi, 

бөлiгi; пұшпақ – əңгiменiң, сөздiң шет жағасы, бip ұшы, т.б. Сол 

сияқты  бейнелi  мағынадағы  ФТ-теp  де  туған:  Пұпшағын  ұста-

ды – «бip билiкке ие болды» (бұл бipақ тұтас билiк емес, билiктiң 

бip шетi ғана); пұшпақ алдыpмады – «малдан шығын шығаpмады, 

мал  басы  аман  болды»;  пұшпағы  қанамаған – «бала  көтеpмеген, 

бала  таппаған»;  пұшпағына  да  татымайды – «шиpегiне  де  кел-

мейдi, маңына да баpмайды», т.с.c. ФТ-теpi өзi илейтiн теpiнiң бip 

пұшпағы деген тipкеспен сабақтас келедi. Солаpдың бəpiн талдай 

келе,  пұшпақ  атауының  негiз  болып  тұpған  түбipі – пұш(пiш)//



буч(бiч)//bic [ЕТС. 98-б.] деп қаpаймыз. Қазақ тiлiндегi пұшти, пұ-

шық сөздеpi де онымен түбipлес қатаp құpайды. 

Бағалау кезеңі, яғни таңдамалы қызығушылықтың болуы ата-

лым барысында үлкен рөл атқарады, оның мəні белгілі бір нысан-

дардың  немесе  белгілі  бір  заттың  қасиеттерін,  белгілерін,  сапа-

ларын  басқалармен  салыстырғанда  ерекше  бөліп  алуда  болып 

отыр. Адамға тəн эмоция мен бағалаулар шындықты бейнелейтін 

бірліктердің біріне айналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет