Қазақ тіліндегі күрделі пысықтауыштардың мағыналық түрлері Мазмұны



бет8/9
Дата12.04.2023
өлшемі90,73 Kb.
#81754
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды




Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай)
2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін)
3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті)
4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп)
5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақстапен)
6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық).Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді.
Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған.
Амал пысықтауыштар іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың жүзеге асу амалы мен тәсілін, сапасы мсн сындық белгісін білдіретін пысықтауыш түрі аталады. Мағыналық жағынан бұл пысықтауыштар іштей екіге бөлініп қаралады:
1) істің істелу тәсілін (тәсілдік амал) білдіретін және
2) істің сапалық белгісін сиппаттайтын деп екіге бөлінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет